Виртуальная выставка Ноябрь 2019

Print

 

Oқу-әдістемелк құралда жалпы деректер қорының негізгі түсініктері және Delphi жүйесінің кұралдары мен визуалды программалау технологиясының көмегі аркылы деректер қорымен жұмысқа арналған қолданбалар  жасау жолдары қарастырған. Нақтылы деректер қорымен жұмыска арналған қолданбалар болып табылатын көптеген мысалдар келтірілген. Оқырман Delphi жүйесінің негізімен  және Object Pascal тілімен  таныс есептеледі.

Оқу - әдістемелік құрал «Ақпараттық жүйелер», «Деректер қоры», «Деректер  қорын басқару жүйелері», «Визуалды программалау кұралдары» " және т.б.деректер қорын оқытумен  байланысты пәндер оқылатын жоғары оқу орындарының  студенттері мен магистранттарына, сондай-ақ орта арнаулы оқу орындарының  студенттеріне арналған.

 

 

 

 


 

 

Оқу құралында «Метрология, стандарттау және сертификаттау» пәні бойынша, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау және сертификаттау жүйелері мен, ұлттық, өңірлік және Халықаралық  деңгейлерде стандарттау және сертификаттау жөніндегі  нормативтік  кұжаттарымен таныстырады.     

Оқу құралында стандарттаудың , метрологияның және сертификаттаудың осы заманғы жағдайы, мәселелері және жетілдіру бағыттары қарастырылады.

Оқу құралы  техникалық жоғары оқу орындарының студентеріне  арналған. Магистранттарға, колледждер оқытушылары мен оқушыларына, ГЗИ және зауыттардың  инженерлік-техникалық жұмыскерлеріне пайдалы болуы  мүмкін.

 

 

 

 


 

Цикілдік қосылыстар органикалық химияның екінші бөлімінің ғылым саласы ретінде қалыптасуына әсер етті. Ұсынылып отырған оқу құралы  жоғары дәрежедегі химик-технолог мамандарына қойылатын сонғы уақыттағы талаптарға сай қарастырылған. Оқу құралы үш бөлімнен тұрады.

Бірінші  бөлімінде алициклді қатар қосылыстары: циклоалкан, циклоалкен, циклоалкадиен, циклоалкин көмірсутектері, олардың туындылары және терпендер қарастырылған.

       Екінші бөлімінде ароматты қатар қосылыстары: бip және бірнеше бензолды ядросы бар ароматты қосылыстары және олардың туындылары қарастырылған.

       Үшінші  бөлімінде  гетероциклді қосылыстары қарастырылған: оттек, күкірт  және азоттың  циклдік қосылыстары. Гетероцикілді  қосылыстардың  табиғатта  кеңінен таралуы (витаминдер, алкалоидтер, пигменттер және т.б.), олардың биологиялық процестерде маңызды рөлі осы бөлімде келтірілген.

   «Циклдік қосылыстар химиясы» оқу кұралы бакалаврларды және магистрлерді  дайындау деңгейінде құрастырылған, оқушылар үшін пайдалы.

 

 


 

Оқулықта жалпылай қолданылатын бөлшектер мен түйіндерді  дайындаудың  конструкциялары және технологиялары; ажырайтын және ажырамайтын қосылыстар; үйкеліспен және ілінісумен берулер; біліктер мен өзектер; сырғу және тербелу мойынтіректері және муфтылар теориялары мен есептеулер негіздері қарастырылған.

Оқулық «Машина жасау», «Технологиялық машиналар және жабдықтар» және «Көлік, көлік техникасы және технологиясы» мамандықтары бойынша оқитын студенттерге арналған. Магистранттар, біліктілігін жоғарылату және кадрларды қайта дайындау курстарын тыңдаушылар, колледж оқытушылары мен білім алушылары, ҒЗИ-тың  және зауыттардың инженерлік -техникалық жұмыскерлері  пайдалана алады.

 

 

 

 

 


 

 

Мультимедиялық технологиялар негіздері пәні окытудың, негізгі мақсаты студенттердің оқу процесінде заманауи мультимедиялық технологиялар арқылы өз бетінше тиімді білім алудың және өзін- өзі анықтауы үшін  мүмкіндік  туғызуы болып табылады. Oқытy мазмұны информатиканың дүниетанымдық, және пайдаланушылық  аспектілерін қалыптастыруға бағытталған. Оқу кұралы студенттердің  жеке тұлғаны жан-жақты дамытуды қалыптастыруда - кестелер, графиктер, сызбалар, мәтіндік графикалық, дыбыстық, анимациялық, бейнелік ақпараттар т.б. оқу материалдарын ұсыну құралдары: теледидар, бейнемагнитофон, мультимедиалық, бейнелік, проекторлар, компьютер, интерактивті сенсорлық тақталар т.б. оқу материалдары жайлы мәлімдеме жасалған. Оқу материалдарын ұсынушы мұндай құрылғыларды мультимедиалық құралдар деп айтуға болады. Мультимедиялық технологиялар негіздері  пәнінен  оқу кұралы 5ВО11100 - «Информатика» мамандықтары бойынша күндізгі  оқу  бөлімдеріне және қашықтан оқитын студенттерге арналған.

 

 

 

 


 

Бұл оқу кұралы - 050704 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша «Алгоритмдік тілдерде бағдарламалау» пәнінің  типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды. Оқу құралы дәpicтiк  материалдардан және дербес компьютерлер үшін Турбо Паскаль бағдарламалау ортасында жұмыс icтey  негізінде құрастырылды.

«Алгоритмдік -тілдерде бағдарламалау» пәнінен студенттер алгоритмдерді  кұру және Турбо Паскаль бағдарламалау  тілінде бағдарламаларды құру тәсілдерін үйренеді.

Оқу құралын алгоритмдеу негіздері мен, бағдарламалаудың. Қазіpri технологиясымен танысамын, Турбо Паскаль бағдарламалау тілінде өздерінің бағдарламасын құрамын деген «Информатика», «Ақпараттық жүйелер» мамандыктарының  студенттері, оқушылар, мектеп мұғалімдері және қолданушылардың кең ортасында қолдануға  болады.

 

 

 

 


 

В пособии рассматриваются концептуальные положения менеджмента качества и процессного обеспечения менеджмента изменений, изложены суть процедур создания, внедрения, поддержки, оценки результативности и совершенствования СМК организации на базе МС ISO серии 9000 Актуализированы требования к сертифицированным организациям страны в связи с необходимостью их перехода на МС ISO 9001:2015 пятого поколения. Расширены темы по основным положениям, аудиту, процессному подходу, порядку создания и модернизации СМК предприятий. Содержание соответствует РУП по одноименной элективной дисциплине по специальности 5В050700 «Менеджмент» UIB и изложено с позиции современных тенденций развития менеджмента качества, сложившихся пол воздействием объективных изменений в мировом общественном развитии.

Предназначено для обучающихся вузов по специальностям «Менеджмент», (Ресторанное дело и гостиничный бизнес», «Предпринимательство и инновации».

 

 

 

 


 

Алифатты қатар қосылыстары органикалық химияның бірінші бөлімі ғылым саласы ретінде  қалыптасуына  әсер етті. Ұсынылып  отырған оқу құралы жоғары дәрежедегі  химик-технолог мамандарына қойылатын соңғы уақыттағы  талаптарға сай құрастырылған. Оқу құралы төрт бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде  органикалық  химияның  теориялық мәселелері, екіншіде алифатты қатар көмірсутектері, үшіншіде - алифатты қатар көмірсутектердің туындылары, төртіншіде - алифатты қатар көмірсутектердің  аралас функциялы туындылары қарастырылған. Оқу құралында органикалық химиядан жалпы білім алуға арналған бағдарламалық материалдар толық қамтылған.

«Алифатты қатар қосылыстарының органикалық химиясы» атты оқу құралы бакалаврларды және магистрлерді  дайындау деңгейіне құрастырылған, оқушылар үшін пайдалы.

 

 

 

 


 

«Фукусима» атом электр станциясындағы жарылыс, Таяу Шығыс пен Тунистегі, Солтүстік  Африкадағы саяси дағдарыстар - энергетика саласындағы тосын тығырық жаңғырығына септік еткен оқиғаларға ұласып, бүгінгі әлем ушін энергия көздерінің қаншалықты маңызды екенін көрсетіп берді.

Нақты оқиғалар мен кейіпкерлерге бай бұл кітап адамзат баласы бүгінгі таңда жан- жақтан тәуелді болып отырған энергия көздерін іздестіру тарихына арналған. Еңбекте бүгінгi заманғы әлемдік ( энергетика болмысының қалай қалыптасқаны туралы және ауаға шашылган көмір қышқыл газына, ыстықтың жаһандық  жайылуына қатысты түйінді  мәселелер мен осы саланың болашағы жөнінде айтылады. Еңбек авторы  үш іргелі  мәселеге жауап беруге тырысқан. Адамзат күн өткен сайын күшейіп бара жатқан энергияға деген әлемдік  сұранысты қанағаттандыра ала ма және де қандай технологияларды қолдану арқылы қанағаттандыра алады? Сол сияқты, бұл тұрғыда ол қандай тәуекелдерге баруы мумкін? Энергетикалық қayiптi қалай ауыздықтайды, атап айтқанда, сенімді  энергетика жүйесін қалай қалыптастырады? Климаттың өзгеруін қоса алғанда, оның  экологиялық  проблемасына, энергетика болашағына  әcepi қандай болмақ, энергетика саласының  дамуы  экологияға ықпал ете ме?..

Еңбек көпшілік оқырманға арналған.