ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ-90 ЖЫЛ

Print
 
2021 жылы 21 қазан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде  «ҰЛТ РУХЫН ҰЛЫҚТАҒАН ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ» атты дөңгелек стол өткізілді.Дөңгелек столдың мақсаты: ірі тұлға Қазақстанның мәдениетіне, тарихына өзінің еңбегін сіңіріп кеткен ұлт азаматы, ұлт рухын ұлықтаған Өзбекәлі Жәнібековтің мұрасы және өнегелі өмірі жайлы көпшілік қауымға жұмыстарын баяндау жүргізу.
 Ақпараттық білім беру орталығы мемлекет қайраткеріміз Өзбекәлі Жәнібековтың 90 жылдығына арнап  кітап  көрмесін  жасады
 
Іс-шара барысында бірегей тұлға Ө.Жәнібековтың өмір жолы жайлы және қазақ өркениетіне, археологиясына, этнографиясына, мұражай ісі мен тарихына арналған еңбектері баяндалады, ғалымның ғылыми зерттеулері көпшілік қауымға таныстырылды.
 
Дөңгелек стол жұмысына қатысқан «Театр және эстрадалық шығармашылық» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Жолдасбекова Қарлығаш Әбдіманатқызының шәкірті МС-18-6к4 тобының студенті Акрамов Аян Ө.Жәнібеков образын театрлық сомдап, еңбегінен үзінді оқыды. Дөңгелек стол соңында факультет және жоғары мектеп студенттері баяндамашыларға өз сұрақтарын қойып, кеш соңы ақын
Ф. Оңғарсынованың Ө.Жәнібековке «Арнау» өлеңін оқумен аяқталды.
 
  
 

Mukhtar Auezov

Counters

Яндекс.Метрика