М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Студенттік кәсіподақ комитетінің төрағасы Қорғанбаев Жандос пен Ақпараттық білім беру орталығының кітапханашысы Г.Қазбекованың ұйымдастыруымен университеттің №2 студенттік жатақханасында қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың туылғанына 90 жыл толуына орай «Мәншүк есімі мәңгілік» тақырыбында әдеби патриоттық кеш ұйымдастырылды.
Кештің мақсаты: жастарды отаншылдыққа, ерлікке, ізеттілікке, имандылыққа, Отанға деген құрмет сезімдерін ояту, тәрбиелеу.




































