100 жаңа оқулық

Печать

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»

           КІТАПТЫ ОҚУ

Түпнұсқа атауы: 25 livresclésde la philosophie. Автор: RémiHess.

ISBN: 5-8029-0D26-1.  Тілі: Français. Басылым жылы: 2015 Бет саны: 368 . Бірінші басылымы: 1995

Автор туралы: Париж университетінің профессоры Реми Хесстің «Философияның таңдаулы 25 кітабы» атты талдауы студенттерді көрнекті ойшылдар және олардың шығармаларымен француз философиялық мектебі тұрғысынан таныстырады.

Аннотация: Белгілі француз ғалымы Реми Хесстің бұл кітабы жас оқырманды Батыстың аса көрнекті ойшылдары және олардың шығармаларымен таныстырады. Осы күрделі міндетті жеңілдету мақсатында, ол Батыс философиясы дамуының елеулі кезеңдерін көрсетеді деген 25 шығарманы іріктеп ұсынған. Бұл шығармалар әлемдік ақыл-ой дамуының белесті кезеңдері мен бай қазынасын танытады. Ежелгі заманнан бүгінге дейінгі философия тарихын қамтыған жинақ адамзат ақыл-ойының құнарлы нәрі мен көркем табиғатына ендіден қоя бастаған жас қауымға даналық мәйегін түсінікті де тартымды тілмен баяндайды. Жинақта әр философиялық шығармадағы түйінді идеялар талданып, түсіндірме берілген.  

 


         КІТАПТЫ ОҚУ

Авторы: Derek Johnston. ISBN-10: 0826490204. ISBN-13: 9780826490209Тілі: English. Баспа: Bloomsbury Academic. Басылымжылы: 2014. Бет саны: 224. Бірінші басылымы: 2006

Автор туралы: Философияның дамуына айрықша үлес қосқан ойшылдардың тұлғасы мен олардың шығармашылығына арналған Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы» әр дәуірдегі ғылыми жаңалықтар ментарихи оқиғаларды, әдеби және көркем туындыларды философия тұрғысынан талдайды.

Аннотация: Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы» аттыбұл еңбегіне философиялық ойдың даму тарихына айрықша үлес қосқан танымал15 ойшылдың шығармашылығы топтастырылған. Автор Батыс дәстүріндегі көрнекті философтардың негізгі еңбектері мен теорияларын оқырмандарға кезең-кезеңмен таныстыруды көздейді. Кітап тарауларында философтардың өмір сүрген дәуіріне шолужасалып, сөз болатын шығармалардың негізгі идеяларын талдауға басымдық берілген. Сондай-ақ, жинақта философтардың өмір деректерімен басты еңбектерінің тізімі, сол дәуірдегі ғылыми жаңалықтар ментарихи оқиғалар, философиялық, әдеби және көркем туындыларда қамтылған. Әр шығармаға арналыпоның түйінді идеясын білдіретін ықшам анықтама дайындалған.Тақырыптар хронологиялық ретпен баяндалсада, материал кезкелген тараудан бастап түсініп оқи беруге лайықталып, әрқайсысы жеке бітіммен құрастырылған.


           КІТАПТЫ ОҚУ

Авторы: Anthony John Patrick Kenny. ISBN-10: 0198752725

ISBN-13: 978-0198752721. Тілі: English. Баспа: Oxford University Press. Басылым жылы: 2014. Бет саны: 364. Біріншібасылымы: 2007

Автор туралы:  «Батыс философиясының жаңа тарихы» оқулығының авторы – Оксфорд университетінің вице-канцлері, Британ академиясының президенті болған Сэр ЭнтониДжон Патрик Кенни. Төрт бөлімнен тұратын оқулық философия ілімінің ежелгі заманнан бүгінге дейінгі дамуын толық қамтиды.

Аннотация:  Ежелгі Жерорта теңізі маңындағы философияның тууы және өркендеуі, ойлаумен пай- ымдаудың өрісі жөніндегі бұл тамаша тарихи баян Батыстағы ой мен қоғам дамуының бағыт-бағдарына арналған. Сэр Энтони Кеннидің бұл кітабындағы әңгіме өзегі Пифагор мен Фалестен басталып, философия алауын христиан ғасырына табыстаған қасиетті Аугустинмен аяқталады. Тарихи баянның тақырыптық арқауы философияда туындаған сауалдарды келесі екімың жылдыққа мұра етіпкеткен және әр кезеңдегідей дәл бүгін де ықпалы бәсеңсімеген екі үлкен тұлға – Платон мен Аристотельге негізделген. Бұл – Батыс өркениетінің түп-тамырын түсінгісі келетінорта үшін философия тарихына арналған төрт бөліктен тұратын топтаманың біріншітомы.

 


              КІТАПТЫ ОҚУ

Авторы: Anthony John Patrick Kenny. ISBN-10: 0198752725. ISBN-13: 978-0198752721. Тілі: English. Баспа: Oxford University Press. Жылы: 2014. Бет саны: 352. Бірінші басылым: 2007

Автор туралы: «Батыс философиясының жаңа тарихы» оқулығының авторы – Оксфорд университетінің вице-канцлері, Британа кадемиясының президентіболған Сэр Энтони Джон Патрик Кенни. Төрт бөлімнен тұратын оқулық философия ілімінің ежелгізаманнанбүгінге дейінгі дамуынтолық қамтиды.

Аннотация: Сэр Энтони Кенни Батыс философиясының жаңа тарихы жөніндегі еңбегін б.д.д. 400 жылдан, яғни христиандық және исламдық ой-сананың негізін салушылардан бастап, Қайта өрлеу дәуіріне дейінгіаралықты қамтитын кезеңді баяндауарқылы жалғастырады. Орта ғасыр – философияның гүлдену кезеңі. Ақыл-ойдың кемелденуі ХІІІ және XIV ғасырда Акуинолық Томас пен Джон ДунсСкот сынды тұлғалардың арқасында шарықтау шегіне жетті. Көпшілік оқырманға арналғанымен, Кеннидің ұлы философтардың ойларын терең талдайтын әңгімелері, ең алдымен, Батыс философиясына ден қойып жүрген студенттерге қызық болмақ.Энтони Кенни Британ академиясының президенті және Оксфорд университетінің вице-канцлері болған. Олақыл-ой философиясы, дін философиясы және философия тарихы жөніндегі көптеген танымал кітаптардың авторы, сондай-ақ Аристотель, Акуинолық Томас, Декарт және Витгенштейннің өмірбаяндарына арналған ғылыми-көпшілік еңбектер жазған.

 


             КІТАПТЫ ОҚУ

Авторы: Duane P. Schultz, Sydney Ellen Schultz . ISBN-10: 1305630041. ISBN-13: 978-1305630048. Тілі: English. Баспа: Wadsworth Publishing. Басылым жылы: 2015. Бет саны: 425. Біріншібасылым: 1998

Авторлар туралы: Дуэйн және Сидней Шульцтің «Қазіргі психология тарихы» пәнінің қалыптасу кезеңінен бүгінгі күнге дейінгі дамуын қамти отырып, роботтармен жасанды интеллект секілді жаңа құбылыстарды психология тұрғысынан талдайды.

Аннотация:«Қазіргі психология тарихы» кітабының 11-басылымы – психология пәні бойынша қазақ тіліне аударылған санаулы ең бектердің бірі. Психологияның пән ретінде қалыптасуынан бастап, ондағы түрлі ағымдар мен көзқарастарды ойшылдардың жеке өмірі мен оған айтылған сын-пікірлер арқылы баяндайтын оқулық аталмыш саладағы соңғы жаңалықтарды да қамтиды. Психология тарихындағы маңызды тұлғалардың «Өзі оқыған дәрістен» айдары арқылы берілген түпнұсқа дәрістер – ізденушілер үшін таптырмас дүние. Оқырмандар бұл кітаптан бұрынғы басылымдарда жарияланбаған Фрейдтің хаттары, XVII ғасырдағы механикалық мүсіндер мен бүгінгі роботтардың арасындағы байланыс, Екінші дүниежүзілік соғыстың Америка психологиясының өсіп-өркендеуіне еткен ықпалы, Алессандро Вольтаның «таңғажайып» зерттеуісияқты бірқатар қызықты мәліметтермен танысаалады. Бұл оқулық психология саласын зерттеп, зерделеп жүрген мамандармен оқытушыларға және психология пәнін арнайы оқитын жоғары оқу орнының студенттері мен аталған ғылымға қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған.


             КІТАПТЫ ОҚУ

Авторы: David Myers, Jean Twenge. ISBN-10: 0077861973. ISBN-13: 978-00778619711. Тілі: English. Баспа: McGraw-Hill Education. Жылы: 2014. Бет саны: 688

Автор туралы:Танымал америкалық маман Дэвид Майерстың «Әлеуметтік психология» оқулығы осы саладағы дүние жүзінің маңдайалды университеттері мойындаған негізгі оқулықтың бірі.

Аннотация: Дэвид Майерспен Жан Туенждің «Әлеуметтік психология» оқулығының 12-басылымы аталған пәннің негізгібағыттарын толық қамтиды. Кітапта күнделікті өмірде кездесетін әлеуметтік құбылыстардың психологиялық астары жан-жақты қарастырылған. Жеке тұлға, топ ішіндегі қарым-қатынас, тұлғаның түрлі әлеуметтік процестердегі рөлі, негізгі қызметі, даму өрісі сияқты әлеуметтік құбылыстардың психологиялық заңдылықтары заманауи зерттеулермен толықтырылып, тәжірибелік мысалдармен дәйектелген. Бұл оқулық әлеуметтік психология саласын зерттеп, зерделеп жүрген мамандармен оқытушыларға және әлеуметтік психология пәнін арнайы оқитын жоғары оқу орнының студенттері мен аталған ғылымға қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған.

 

 


                КІТАПТЫ ОҚУ

Авторы: Elliot Aronson. ISBN-10: 1429233419. ISBN-13: 978-1429233415. Тілі: English. Баспа: Worth Publishers. Жылы: 2014

Бет саны: 431. Бірінші басылым: 1972

Автор туралы: Гарвард университетінің профессоры Эллиот Аронсонның бұл еңбегі әлеуметтік психологияға адам табиғаты мен болмысы арқылы жолсалған ерекше туынды. Оқулық атауының қазақша баламасы– «Көпке ұмтылған жалғыз.Әлеуметтік психологияға кіріспе».

Аннотация: Белгілі ғалым Эллиот Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз.Әлеуметтік психологияға кіріспе» атты кітабы әлеуметтік психологияның жаңа қырларын ашады. Мамандар бұл ілімді, cалыстырмалы түрде, ғылымның жас саласы деп есептегенмен, оның алғышарттары Аристотель заманында-ақ көрініс тапқан. Ал Аронсон болса, ХІХ ғасыр соңында іргетасынТриплет қалап, 1930 жылдары К. Левин одан әрі дамытқан әлеуметтік психология ғылымының көк жиегін кеңейтуге тырысады.
Жоғары оқу орындарының студенттеріне, сондай-ақ, қалың оқырман қауымға да қызықты бұл оқулық адамның сыртқы ортаға бағынуы, жағдайға мойынсұнуы, өзін-өзі ақтап алуы, көзсіз сенімге еруі, ұнатуы, ашуға бой алдыруы, үгіт-насихат жетегінде кетуі сияқты маңызды факторларды нақты мысалдар арқылы саралайды. Соның нәтижесінде Аронсон әлеуметтік психологияның ғылыми сала ретінде қалыптасып, өзіндік орныниеленгендігіннегіздеген. Бұл еңбек әлеуметтік психологияға жаңаша қарауға, ең бастысы, адам психологиясындағы ерекшеліктерге мұқият болуға баулиды.  


             КІТАПТЫ ОҚУ

Авторы: George Ritzer,JeffreyStepnisky. ISBN-10: 1506337716. ISBN-13: 978-1506337715. Тілі: English. Баспа: SAGE Publications. Жылы: 2017. Бет саны: 832. Бірінші басылым: 1995

Автор туралы:Қазіргі әлеуметтану ғылымының ең беделді өкілі, Корнелл университетінің профессоры Джордж Ритцердің “Әлеуметтану теориясы” ғылымының өзекті мәселелерін классикалық және қазіргі көз қарастарды ұштастыра отырып талдайды.

Аннотация: Әлеуметтану ғылымының даму ерекшеліктері тарихи тұрғыдан баяндалатын бұл кітапта авторлар әлеуметтану ғылымының өзекті мәселелерін классикалық және қазіргі көз қарастармен ұштастырған. Кітаптың бірінші бөлімінде ежелгі дәуірдегі әлеуметтік ой мен солкезең өкілдерінің көзқарастары, әлеуметтану ғылымының негізін салған ойшылдардың өмірбаяны мен басты идеялары, екінші бөлімінде қазіргі әлеуметтану теориясының негізгі мектептері туралы сөз болады. Құрылымдық функционализм, структурализм, неомарксизм, символикалық интеракционизм, этнометодология, айырбас, желілік, рационалды таңдау, қазіргі феминистік, микро-, макро интеграциялық және басқа да теориялар әлеуметтану ғылымының көп парадигмалық мазмұнын жан-жақты көрсетеді. Ал қорытынды бөлімде модерннен пост модернгедейінгі және одан кейінгі модерннің заманауи теорияларына терең шолу жасайды.

 


           КІТАПТЫ ОҚУ

Авторы: Victoria Fromkin, Robert Rodman, Nina Hyams. ISBN: 9781285079806

Тілі: English. Баспа: W. W. Norton & Company. Басылым жылы: 2014. Бет саны: 624

Авторлар туралы: Америка тілшілер қоғамының президенті Виктория Фромкин бастаған ғалымдар тобының «Тіл біліміне кіріспесі» тілдік өзгеріс, тілді меңгеру, жазба тілдің негіздері, тіл және адам миы сияқты мәселелерді жаңаша талдайды.

Аннотация: Атауы айтып тұрғандай «Тіл біліміне кіріспе» деп аталатын бұл кітап келешек филолог мамандарға, шет тілі филологиясында оқитындарға, жалпы оқырман қауымға лингвистика ғылымы жөнінде алғашқы мағлұмат беруді көздейді. 12 тараудан тұратын кітапта тілғылымы, фонетика, грамматика, морфология мен синтаксис мәселелері баяндалады. Тілді көзгеріс, тілді меңгеру, жазба тілдің негіздері, тіл және адам миы сияқты жекелеген мәселелер де қамтылған. Бұл кітап«Тіл біліміне кіріспенің» оныншы басылымы болғандықтан, онда елеулі толықтырулар мен жаңалықтар бар. Бұл ақпараттың басым көпшілігі студенттерге лингвистика мәселелері жөнінде жүйелі білімалуға, бұқаралық ақпарат құралдарындағы талқылауға қатысуға және оқытушылар мен студенттерге маңызды лингвистикалық зерттеулерден хабардар болуға көмектеседі. Мұнда тіл және тілді пайдалануға қатысты көкейкесті мәселелерге де жауап табылады. Басылымдағы жаттығулар студенттердің материалдарды қаншалықты игергенін тексеруге мүмкіндік береді. Кітап тілші ғалымдарға, ағылшын тілін үйренушілерге, филология факультетінің студенттерімен оқытушыларына және тіл біліміне қызығатын жалпы көпшілікке арналған.


         КІТАПТЫ ОҚУ

Авторы: Светлана Тер-Минасова. ISBN: 978-5-387-00069-0. Тілі: Русский. Баспа: Cлово/Slovo. Басылым жылы: 2008. Бет саны: 264. Бірінші басылым: 2000

Автор туралы: Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры Светлана Тер-Минасованың «Тіл және мәдениетаралық коммуникация» атты оқулығы түрлі ұлт және мәдениет өкілдерінің өзара ұғынысып, тілтабысуы үшін не маңызды екенін егжей-тегжейлі түсіндіреді.

Аннотация: Бүгінгі техника мен байланыс құралдарының дамуымен жеке адамдар арасындағы, ұлтаралық, мәдениетаралық байланыс ешкедергісіз, саяси немесе экономикалық шектеуді елемей, табиғи жолмен еркін өріс алуда. Сондықтан өзге жұрттың тілімен мәдениетін игеру, онымен етене араласа білудің маңызы бұрын-соңды болмаған дәрежеге көтеріліп отыр. Мәдениет аралық коммуникация – бүгінде кезкелген салада қызмет ететін маманға, әр адамға қажетті жаңа пән. Қазақ тілінде алғаш басылып отырған бұл оқулық түрлі ұлт, мәдениет өкілдерінің өзара ұғынысып, ортақ тілтабысуы үшін не маңызды екенін егжей-тегжейлі түсіндіреді. Кітаптілшілерге, дипломаттарға, әлеуметтанушыларға, психологтар және мәдениеттанушыларға, сондай-ақ, қызметі мен күнделікті өмірде ұлтаралық және мәдениетаралық коммуникация мәселелерімен бетпе-беткелетін көпшілікке арналады.

 

 


            КІТАПТЫ ОҚУ

Авторы: Karen Armstrong. ISBN-10: 0517223120. ISBN-13: 978-0517223123. Тілі: English. Баспа: Gramercy Books. Басылым жылы: 2014. Бет саны: 496. Бірінші басылымы: 1975

Автор туралы: Британдық философ, публицист, дінтанушы Карен Армстронгтың бұл кітабы әлемнің 30-дан астам тіліне аударылып, миллиондаған таралыммен шыққан, дінтанудағы аса көрнекті еңбектің бірі. Кітаптың қазақша басылымы "Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» депаталды.

Аннотация: Санамыздағы бір Құдайға деген сенім қайдан келіп орнықты?Адамзаттың Жаратушы туралы түсінігі қалай өзгеріп отырды? Жаратушыны әлемдік үш ұлы дін– яхудилік, христиандық пен ислам – қандай сипаттарымен таныды? Бұл үш дін бір-біріне қалай ықпал етті? Автор осы сауалдарға жауап іздеп, тамаша ғылыми зерттеу жасаған: бір кітаптың шеңберінде монотеизмнің тұтас тарихын қамтыған – Ыбырайымнан біздің заманымызға, антикалық философиядан ортағасырдағы мистицизмге, Қайта өрлеу мен реформашылық дәуірдегі рухани ізденістерден қазіргі заманғы скептицизмге дейінгі Жаратушының тану тарихын баян еткен. Яхудилік, христиандық пен исламның өрісі аясында адамзат ақыл-ойының Жаратушы туралы ұғым-түсінігінің даму кезеңдерін көрсеткен. Карен Амстронг– ағылшын ғалымы.


            КІТАПТЫ ОҚУ

Авторы: Ricky W. Griffin. ISBN-10: 1305501292. ISBN-13: 978-1305501294. Тілі: English. Баспа: South-Western College Pub. Жылы: 2016. Бет саны: 704. Бірінші басылым: 1984

Автор туралы: Рикки Гриффиннің «Менеджмент» оқулығы алғаш рет 1984 жылы жарық көрген. Содан бері ондаған тілге аударылып, дүние жүзіне екі миллион данамен таралды. Ол дәстүрлі түсініктермен қатар, жаңа ұғымдар мен тұжырымдарды кеңінен қамтиды.

Аннотация: Рикки Гриффиннің «Менеджмент» оқулығы алғаш рет 1984 жылы жарық көрген. Содан бері ол ондаған тілге аударылып, екі миллион данамен таралды. Оқулықтың қазақ тіліндегі алғашқы басылымы ағылшын тіліндегі он екінші басылым негізінде дайындалды. Кітап менеджмент саласында қалыптасқан дәстүрлі түсініктермен қатар, жаңа ұғымдар мен тұжырымдарды да қамтиды. Менеджер жұмысына тікелей де, жанама да әсер ететін этикалық бақылау, қоғамдық жауапкершілік, менеджмент саласының жаһандық сипаты, цифрлық технологиялар, теория мен тәжірибенің ұштасуы сынды категориялардың әрқайсысы нақты кейстер негізінде түсіндіріледі. Кітап жоғары оқу орындарының «Экономика», «Менеджмент», «Маркетинг» және басқа да мамандықтарда оқитын студенттерге, оқытушыларға, кәсіп бастаушы бизнесмендерге, кәсіпорын басшыларына, менеджмент жөніндегі білімін арттырғысы келетін кез келген оқырманға арналған және қазақ тіліндегі МВА курсының негізгі оқулықтарының бірі ретінде ұсынылады.


           КІТАПТЫ ОҚУ

Авторы: Donald F. Kuratko. ISBN-10: 1305576241. ISBN-13: 978-1305576247. Тілі: English. Баспа: South-Western College Pub. Басылым жылы: 2016

Бет саны: 465 Бірінші басылымы: 1994 Автор туралы: Халықаралық кәсіпкерлік  білім беру ұйымының  жетекшісі Дональд Куратконың “Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика” атты оқулығы кәсіпкерлік құбылысын жан-жақты зерттей отырып, студенттерді кәсіпкер болудың қыр-сырына үйретеді.

Аннотация: Бұл кітап ХХІ ғасырдағы экономикалық, қоғамдық жəне əлеуметтік дамудың басты қозғаушы күші болып саналатын кəсіпкерлік құбылысты теориялық жəне практикалық тұрғыдан зерделеуге арналған. Кəсіпкерлікті жете түсіндіру үшін оның негізгі кезеңдерін сипаттайтын бастау, жоспарлау, қалыптасу жəне даму сатылары жүйелі əрі дəйекті түрде талданған. Кəсіпкерлік идеяны нарыққа шығаруға қажет ойлау жүйесі мен инновацияның рөлі кеңінен ашып көрсетілген. Кітаптың мақсаты – оқырманды кəсіпкерліктің үздік тəжірибелерімен таныстырып, тəжірибелік жəне эксперименттік оқыту əдістері арқылы кəсіпкерлікке қажет дағдыларды сіңіру. Кітап бизнесі бар кəсіпкерлер мен болашақта кəсіпкер болғысы келетін жастарға, жоғары жəне кəсіби оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, кəсіпкерлікті зерттеп жүрген қауымдастыққа, осы салаға қызығушылығы бар қалың оқырманға арналған. Сондай-ақ, қазақ тіліндегі МВА курсының оқулығы ретінде ұсынылады.

 


            КІТАПТЫ ОҚУ

Авторы: Klaus Martin Schwab. ISBN-10: 1524758868. ISBN-13: 9781524758868

Тілі: English. Баспа: Crown Publishing Group. Жылы: 2017. Бет саны: 184. Бірінші басылым: 2016 Автор туралы: Дүниежүзілік Давос экономикалық форумының президенті Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революция» атты туындысы қазіргі технологиялардың адамзат өміріне алып келетін түбегейлі өзгерістері туралы баяндайтын осы күнгі әлемдік бестселердің бірі. Аннотация: Біз бүгін баршамыздың өмірімізді де, жұмысымызды да, күнделікті қарым-қатынасымызды да түбегейлі өзгертетін алапат индустриялық революцияның бастауында тұрмыз. Бұл төртінші революция ауқымы, қарымы мен күрделілігі революция жағынан да осы уақытқа дейінгі адамзат тарихындағы құбылыстардың барлығынан асып түседі. Жасанды интеллектінің, роботтандырудың, робот-автомобильдердің, 3D басып шығарудың, нанотехнологияның, биотехнологияның дамуымен және тағы да толып жатқан ғажайыптардың пайда болуымен барлық салада қарыштап көкке өрлейтін, таңғаларлық технологиялық дүмпуге куә болмақпыз. Бүкіләлемдік экономикалық Давос форумының негізін қалаушы және тұрақты президенті Клаус Шваб осындай алапат өзгерістердің әлеуетін алдын ала болжап, терең байыптап, оны адамзат игілігіне жарату жолдарын қарастыратын еңбек жазған. Демек, бұл кітап адамзаттың ортақ болашағы үшін алаңдайтын және революциялық технологияларды қоғам тіршілігіне икемдеуге ниетті жасампаз ортаға арналған.

 


            КІТАПТЫ ОҚУ

Авторы: N. Gregory Mankiw, Mark P. Taylor. ISBN-10: 147372533X. ISBN-13: 978-1473725331. Тілі: English. Баспа: Cengage Learning EMEA. Басылым жылы: 2017. Бет саны: 904. Бірінші басылымы: 1997 Автор туралы: Гарвард университетінің профессоры, танымал макроэкономист Грегори Мэнкьюдің «Экономикс» атты еңбегі экономикалық теория, идеялар мен құбылыстарды мейлінше қарапайым әрі ұғынықты жеткізетін оқулық ретінде танылып, әлемнің 25 тіліне аударылған. Аннотация: Бұл кітап – Мэнкьюдің классикалық еңбегінің бейімделген нұсқасы. Оқулықтың басты артықшылығы – автордың экономиканы оқырман көзқарасымен көрсететінінде. Зерттеулерде анықталғанындай, бұл оқулық қолдануға өте ыңғайлы және бизнеске бағдар бола алады. Нақтылықпен жазылған мәтін саясат пен экономика теориясын еркін түсіндіреді. 4-басылым толықтай жаңартылды. Кейбір идеяларды, мысалы, Марксизм мен Феминизм теорияларын кеңінен түсіндіру үшін жаңа тақырыптар қосылды. Қаржы нарығы туралы жаңа бөлім қаржы дағдарысы мен оның себептері тақырыбын қамтиды. Ал соңғы бөлім дағдарыстан кейінгі әлем және жаңа теориялардың пайда болуына қатысты сауалдарға жауап береді.

 

 

 


            КІТАПТЫ ОҚУ

Авторы: Alan Barnard. ISBN-10: 0521774322. ISBN-13: 978-0521774321. Тілі: English. Баспа: Cambridge University Press. Жылы: 2016. Бет саны: 256 Автор туралы: Әлемнің үздік университеттерінде кеңінен қолданылатын профессор Алан Барнардтың бұл еңбегі антропологияның ғылым ретінде қалыптасуына шолу жасап, антропология туралы заманға сай, пәнаралық түсінік қалыптастырады. Аннотация: Кез келген пәнді жете түсіну үшін оның тарихын білудің маңызы зор. Алан Барнард антропология пәнінің қалыптасуындағы көзқарастардың даму тарихын зерттеп, теориялар мен мектептердің шығу тегін талдап, түрлі идеялар төңірегіндегі пікірталасты сараптап, жүйелеген. Бұл оқулық – сол жұмыстың нәтижесі. Кітап мазмұны антропология ғылымының қалыптасу тарихын, ондағы эволюция теориясы туралы  ұжырымдарды, диффузионистік және тарихи-мәдени аймақтар теорияларын, функционализм және құрылымды-функционализм, әрекетке негізделген теорияларды, процессуалдық және маркстік көзқарастағы зерттеулерді, релятивизм, структурализм мен постструктурализмнің түрлі салаларын және енді ғана қалыптасып жатқан интерпретациялық және постмодернистік көзқарастарға қатысты тақырыптарды кеңінен қамтыған. Бұл оқулық антропология тарихы мен теориясын меңгеруге ден қойған студенттер мен жас мамандарға арналған.


 

 

Әдебиет теориясы: Кіріспе Авторы: Майкл Райан ISBN-10: 111906175X ISBN-13: 978-1119061755 Тілі: Ағылшын Баспа: Wiley-Blackwell Басылым жылы: 2017 Бет саны: 304 Алғашқы басылымы: 1998 Автор туралы: Аннотация: Бұл оқулықта әлемдік әдебиеттану ғылымының өзекті тақырыптары саналатын – орыс формализмі, жаһандану, таным, эмоция, эволюция, әдебиет сыны мен теориясының мақсаттары және олардың нейробиологиямен қарым-қатынасы сияқты аса ауқымды теориялық ұғымдар кеңінен және терең сараланған. Еңбек құрылымы америкалық және орыс формализмінен басталып, хронологиялық, эвристикалық сипатта берілген. Жаңашылдықты басты мақсат еткен ғалымдар осы кезге дейін жүйелі әңгіме арқауы болмаған өзекті мәселелерді молынан қамтып, іріктеп топтастырған.

Кітапта структурализм, постструктурализм бағыттары зерделенеді. ХХ ғасырдың 50–60-жылдары туындап, 70-жылдары дами түскен ағымның негізгі өкілдері – М.Фуко, Ж.Бодриар, Ж.Деррида, Л.Альтюссер, Ю.Кристева, Ж.Лакан, Р.Барт, Ж.Делөз, Ж.Лиотарлар әдебиет, саясат, лингвистика, философия, мәдениет салаларына жаңа леп әкелу мақсатында философиялық әрі әдіснамалық дүниетаным ретінде постструктурализм сынына ерекше көңіл бөлді. Әдебиеттанудың осындай өзекті мәселелері көрнекті шығармалар мысалында талданып, жаттығуларымен қоса берілген. Оқулық әдебиеттану мен лингвистика, сондай-ақ оларға іргелес гуманитарлық мамандықтардың студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.


Әдебиет теориясы: Антология. 1-том Авторлары: Джули Ривкин, Майкл Райан ISBN-10: 1118707850 ISBN-13: 978-1118707852 Тілі: Ағылшын Баспа: Wiley-Blackwell Басылым жылы: 2017 Бет саны: 1640 Алғашқы басылымы: 1997 Автор туралы: Аннотация: Бұл оқулық қазақ оқырмандарын әлемдік әдебиет теориясының тың зерттеу бағыттарымен таныстырады. Шығарманың мазмұнын ғана зерделеп қоймай, оны тілдік тұрғыдан талдаудың сан қырлы әдістерімен сараланған мақалалар – біздің сыншыларымыз бен оқырмандарымыз үшін де таптырмас үлгі. Оқулықта структурализм, постструктурализм, лингвистика, нарратология, феноменология, эмпирикалық зерттеулер бағытындағы құнды пікірлер мен тың көзқарастар топтасқан. Сонымен қатар бұл еңбекте телевизиялық сериалдарды талдаудың айрықша зерттеу тәсілдері де сөз болады.

Әдеби мәтіндерді қабылдау және шығармаларды теориялық тұрғыдан зерделеу, оқырманның әдеби талғамы, адамзат дамуындағы әдебиеттің алар орны да кеңінен зерделенеді.

Оқулық әдебиеттану мен лингвистика, сондай-ақ оларға іргелес гуманитарлық мамандықтардың студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.

 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика