Көпшілік іс-шаралар

Абай жолы

Печать

Университеттің №8 ғимаратында Ұлы Абайдың 175-жылдық мерей тойына орай  «Абай жолы» роман-эпопеясы  ғасырлық туынды тақырыбында «Абайтану» ғылыми орталығы, «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Театралдық және эстрадалық шығармашылық» кафедралары оқытушыларының қатысуымен Мәдениет және спорт факультетінің студенттері арасында оқырман конференциясы ұйымдастырылды.

 Іс-шара барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, профессор Т.Қалдыбаев «Абай жолы» романы туралы мағлұматтар берді, студенттер Абайдың әндерін орындап, ақынның өміріне байланысты көріністер қойды.

  

 

Менің Қазақстаным

Печать

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында университеттің №8 ғимаратында «Менің Қазақстаным» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Іс-шараға Мәдениет және спорт факультетінің студенттері, «Педагогика және музыкалық білім» кафедрасының аға оқытушылары Ф.С.Танкешова, Н.Фаттахова және т.б. қатысты. Іс-шара барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, студенттер патриоттық әндер орындады.

 

Әл-Фараби 1150 жыл

Печать

2020 жылдың 20 ақпан күні  Ақпараттық білім беру орталығының №9 оқу залында кітапханашы С.Бименованың  ұйымдастыруымен «Ауылшаруашылық ғылымдары жоғары мектебі» студенттерімен  Әбу Насыр әл-Фарабидың 1150 жылдық мерей тойына арналған «Әл-Фараби 1150жыл» деген тақырыппен дөңгелек үстел өткізілді. «Ветеринарлық клиникалық диагностика» кафедрасының аға оқытушылары А. Қамбаров ашып, биыл елімізде  Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерей тойы екенін айтып құттықтады. Іс-шараға АП-17-8р, АП-19-8к4 тобының студенттері қатысты.

    

Әл-Фараби әлемі

Печать

2020 жылдың 17 ақпан күні  Ақпараттық білім беру орталығының №5 оқу залында Ж.Ережепованың  ұйымдастыруымен «Тарих және педагогика» факультетінің студенттерімен  Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Әл-Фараби әлемі»  дөңгелек үстел  өтті. Іс-шараға «Қоғаммен байланыс және мәдениет» проректоры С.К.Бейсенбаев, «Тарих және педагогика» факультетінің деканы Қ. Оразбаев, «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту әдістемесі мен теориясы» кафедрасының  меңгерушісі М.Ермекбаев, магистр оқытушы  Рай Айгерім, ЖООКББИ директоры Ә.С.Ыбырайым қатысты.

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе

Печать

2020 жылдың 10 ақпан күні  Ақпараттық білім беру орталығының №13 оқу залында кітапханашы А.Мусаева мен оқытушы М.Мусантаеваның  ұйымдастыруымен университеттің №4 жатақханасында Абай Құнанбайұлының туылғанына 175 жыл толуына орай СМ, ЮМ, ЭФ, ФИ факультеттерінің студенттерімен «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» деген тақырыппен әдеби кеш өткізілді.

 

Видеоэстафета

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика