Ақпараттық білім беру орталығы Кітапхана ОҚМУ - Ғылыми оқу залы

Алдымен тандаулы кітапты оқыңдар, өйтпесе оларды мүлде оқи алмай қаласыңдар. Г. ТОРО

Ғылыми оқу залы

Печать
Научный читальный залУниверситет Ақпараттық білім беру орталығының құрамындағы ғылыми оқу залы профессор-оқытушылар құрамына, жоғарғы курс студенттеріне, магистранттар, докторанттар мен жалпы ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын университет қызметкерлеріне ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету мақсатында 2000 жылы ашылған. Қордың құнды бөлігін ПОҚ ғылыми еңбектері (оқулық, оқу құралы, оқу әдістемелік құралы, монография), магистрлік, кандидаттық, докторлық диссертациялар мен диссертация авторефераттары, ғылыми жинақтар мен конференция материалдары, жоғары білім саласы бойынша ғылыми журналдар құрайды. ҒОЗ 38 журнал атауын алады. Ғылыми оқу залында пайдаланушылар университетте  қорғалған диссертациялар қорымен (олардың авторефераттарымен), сонымен қатар өзге ЖОО қорғалған диссертациялар авторефераттарымен жұмыс істей алады.
Қызмет көрсету мен залдың көркемдігі пайдаланушыларымыздың шығармашылық жұмыспен айналысуына толық мүмкіндік береді.
Дәстүрлі қызмет көрсету түрімен бірге пайдаланушылар электронды каталог жүйесіндегі ИРБИС бағдарламасын, Wi-Fi желісіз технологиясы арқылы әлемдік  желіге қосылаалады.
Қордың хронологиялық шеңбері: ПОҚ еңбектері- соңғы 5 жыл, магистрлік диссертация -2000 жылдан, кандидаттық  диссертация - 1991 жылдан, докторлық  диссертация - 1990 жылдан, журнал -1977 жылдан, ғылыми конференция -  1969 жылдан.
Ғылыми оқу залында қызмет оқырман билеті арқылы көрсетіледі.
Пайдаланушы құқығы:
- оқу залының қоры жайында керекті мәлімет алуға;
- оқу залында жұмыс істеу үшін оқу залы қорынан кезкелген басылымды таңдауға.
Пайдаланушы міндеті:
- оқу залының пайдалану Ережесін орындау;
- оқу залының қорына және оқу залының өзгеде мүліктеріне ұқыптылықпен қарау;
- алынған құжатты  тексеру, жыртылған, бүлінген жерлері бар болса кітапханашыға жеткізу, жеткізілмеген жағдайда құжаттың сақталуы пайдаланушы жауапкершілігінде болады;

Жұмыс уақыты:
Күнде сағат 9 - 17.00, сенбі күні - сағат 9 - 15.00, демалыс күні - жексенбі;
Әр айдың соңғы бейсенбі күні  - тазалық күні.

Мекен-жайы, сымтетік:
М. Әуезов атындағы ОҚМУ, Тәуке хан даңғылы, 5, бас ғимарат,  2 қабат,  230 аудитория
Анықтама сымтетігі: 21-19-92
Please wait while JT SlideShow is loading images...
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасы білім жіне ғылым министрлігіБілім және ғылым саласындағы бақылау комитетіҚазақстан Республикасы Статистика АгентігіҚазақстандағы ғылым және білімОрталық ғылыми кітапханаҚР ғылым және білім министрлігіҒылым комитетіҚазақстан Республикасының ҮкіметіҚазақстанның мұнай-газ және энергетикалық кешенінің қауымдастығыҚР Тұңғыш Президентінің қорыҚР мемелекеттік қызмет істері агентігіҚР Ұлттық академиялық кітапханасыҚазақстандық ұлттық электронды кітапханаҚазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығыҚазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің МузейіҚазақстан Жастарының конгресіҚазақстандағы алгашқы әдебиет порталыҰлттық Зияткерлік меншік институты

Санақ

Кітаптар: 2205569
Жылдық мерзімді басылымдар: 506
Авторефераттар және диссертациялар: 5004
Электрондық фонд: 5313

Есепшілер