Жанталас

Печать

2021 жылы «Бір ел-бір кітап» Республикалық акциясы бойынша  « Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» ұсынылған. Таңдалған 30 кітаптың бірі Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрының режиссері, белгілі драматург Сая Қасымбектің «Жанталас» пьесалар жинағы.

Осыған орай, студенттердің оқу мәдениетін жандандыру және дамыту, отандық жазушыларды қолдау мақсатында  Ақпараттық білім беру орталығы мен «Театр және эстрадалық шығармашылық» кафедрасы іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында «Йасауи қасыреті» тарихи драмалық   пьесасынан қойылымдар қойылды, әндер орындалып, автордың шығармашылығына байланысты сұрақтар қойылды. Іс-шара соңында автор жастарға үлгі боларлық ақыл- өсиеттер айтты.

  

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика