Тәуелсіздік – таң нұры

Печать

19 қараша күні Ақпараттық білім беру орталығының  бас оқу залы,   «Ақпараттық технологиялар және  энергетика» жоғары  мектебі  «Ақпараттық жүйе және модельдеу»  кафедрасының  студенттері  мен  оқытушыларының қатысуымен,   Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің  30 жылдығына арналған  «Тәуелсіздік – таң нұры»  атты әдеби – музыкалық  кеш ұйымдастырды. Кешті  «Ақпараттық технологиялар және энергетика»  жоғары  мектебінің  деканы  Шертаев Ерман Тельманович ашып,  жастарға  30 жыл  ішінде тәуелсіз қазақ елінің  қалыптасқанын, нарықтың қиын өткелдерінен  өткенін, осы кезеңде Қазақстан әлемдегі  мықты мемлекеттер  қатарына қосылғанын, ата- бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған  ел тәуелсіздігі  Қазақстан халқының нағыз рухани жаңғыруына мүмкіндіктер ашқанын  айтып өтті.

            «Ақпараттық жүйе және модельдеу»  кафедрасының меңгерушісі  Изтаев  Жалғасбек  Дулатұлы, «Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті» директорының  орынбасары Исмаилова Мереке Ережепқызы, филология ғылымдарының кандидаты Айтмамбетов Фархад Умирзакович  сөз кезегінде  «Жер болса -  ел болады , ел болса - ер болады»  деген осынау қасиетті  мекенде , асқақтаған өлкеде, кеңшілігі кең дархан далада, егіні теңіздей толқыған , төрт түлігі өрбіген , өндірісі өркендеген мекенде өмір сүрген әрбір адам өз  Отанын жанындай сүйіп, оның көкбайрағын көкке көтеруді мақтаныш тұту керек деді. Ақпараттық білім беру орталығының   директоры м.а. Сауырбаева Индира Кабланқызы  бабаларымыз аңсаған еркіндіктің қадірін білу және келешек ұрпаққа аманаттау және жеткізу  жастар сіздердің қолдарыңызда, деп айтты және келген қонақтарға, іс-шараның өтуіне атсалысқан «Ақпараттық жүйе және модельдеу»  кафедрасының оқытушысы  Куленова Эльмира Толенбаевнаға, ИП-21-3к1 тобының  студенттеріне   ризашылығын білдірді. Ақпараттық білім беру орталығының сектор меңгерушісі Жумабаева Ботагоз Аленовна  кеште тәуелсіздік жайлы  слайд көрсетіп,  өлең оқып,  ән айтып, көрініс көрсеткен  студент жастарды марапаттады.

 

 

 

 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика