Талғамы биік қаламгер

Печать
«Бір ел – бір кітап» акциясы шеңберінде Төлен Әбдіктің  80 жасқа толуына орай «Талғамы биік қаламгер» атты дөңгелек үстел өтті.
2023 жыл 2 наурыз күні Ақпараттық білім беру орталығының бас оқу залында Шымкент қаласы Абай атындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты №14 кітапхана бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесе отырып,«Бір ел – бір кітап» акциясы шеңберінде белгілі драматург, жазушы Төлен Әбдіктің  80 жасқа толуына орай «Талғамы биік қаламгер» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға «Мәдениет және өнер», «Филология», «Сәулет,құрылыс және көлік», «Заң» факультеттерінің студенттері қатысты.
«Театр және шығармашылық» кафедрасының аға оқытушысы А.Емқұлованың жетекшілігімен жазушының «Оң қол» әңгімесінен МС- 20-6к тобының студенттері сахналық қойылым көрсетті және шығармаларынан үзінділер оқыды.
Кеш соңында белсенді студенттер Мадақтама қағазымен марапатталды.
 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика