«Армысың, әз Наурыз!»

Печать

      2015 жылдың 19-наурызында Ақпараттық білім беру орталығының бас ғимаратының оқу залында № 6 оқу залымен «Т ж/е ТИ » ЖМ студенттік деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрмаш Арманның ұйымдас-тыруымен «Армысың, әз Наурыз!» атты әдеби - сазды кеші өткізілді. Мерекелік кешке «ЖӨБТж/е К» кафедрасының доц. т.ғ.к. Ғ.Д. Қайранбеков, «Т ж/е ТИ»ЖМ аға тәлімгері Қ. Исабаев, АБО әдіскері Г. Мыңбаева, АБО сектор меңгерушілері Х. Шамбулова, А.Б. Жұмабаева, У.Қ. Ерденова, АБО кітапханашылары, «Тж/е ТИ» ЖМ студенттік деканы Қажым Ералы, ЖТ, СМ, ЮМ, ИП факультеттерінің студенттері қатысты. Мерекелік кеш барысында Қамбар Есбол мен Жорабекова Жанеркенің жүргізушілігімен «Қоғамдық кәсіптер» факультетінің тартқан күйлері, «Аружан» би тобының билері, Өтеулі Қарлығаш пен Досхан Гүлназдың «Бесікке салу», «Тұсау кесер» рәсімдерін жасауы көпшіліктің көңілінен шықты. Көркем сөз оқылып, ұлттық ойындар ойнатылды. Видеороликтер көрсетіліп, мерекелік кешке арнайы «Армысың,әз Наурыз!» атты кітап көрмесі көпшіліктің назарына ұсынылды.

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика