Бір ел - бір кітап

Печать

Ақпарттық білім беру орталығының  №5 оқу залында (8 ғимарат) «Бір ел - бір кітап» акция шеңберінде таңдалған қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамарсұлу» романын талқылауға «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Театралдық және эстрадалық шығармашылық» кафедрасының студенттері мен оқытушылары қатысты. АББО бөлім меңгерушісі іс-шараны ашып берді. С.Торайғыровтың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы презентацияны АБО сектор меңгерушісі Х.Қ. Шамбулова таныстырды. «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Омаров Нұрлыбек жазушының шығармаларына баяндама жасады. Мәлік Нұрболат, Арыстанова Жансая болды. Исабек Әзімхан, Байырқұл Балжан, Сүйінбек Ақерке, Фараби Бақытжанұлы, Сүюнов Қазыбек «Қамарсұлу» романындағы көтеріп отырған мәселеге тоқталып, өз пікірлерімен бөлісті. «Театралдық және эстрадалық шығармашылық» кафедрасының оқытушысы Нұрсұлтанов Бекзат дайындаған көрініске Сүюнов Қазыбек, Асанбек Сұлтан, Орынхан Ербол, Толыс Сымбат «Қамарсұлу» романындағы кейіпкерлердің рөлдерін сомдады. Ақынның шығармалары ұсынылған «кітап көрмесі оқырмандарға ұсынылды. Акция соңында белсенді қатысқан студенттер марапатталынды.  

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика