«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»

Печать

Ақпараттық білім беру орталығының «Елбасытану» ғылыми-әдістемелік  орталығында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясындағы аударылған 18 оқулықты насихаттау бойынша дөңгелек үстел өтті.  Іс-шара «Рухани жаңғыру» облыстық  жобалық кеңсесі және Ақпараттық білім беру орталығы ұйымдастыруымен өткізілді. Жиынға Ректордың аппарат жетекшісі Д.С.Сабырханов, АББО директор орынбасары Н.В.Рыбалкина, АББО  бөлім меңгерушісі Г.К. Мыңбаева, АББО сектор меңгерушісі  Х.К.Шамбулова, «Философия және мәдениеттану» кафедрасынан ф.ғ.к., доцент Т.А.Сүлейменов, С.С.Қорғанова, «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасынан т.ғ.к. Н.Е.Тажмуханова, «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасынан  ф.ғ.к.,  доцент А.Б.Қалшабек,  «Экономика» кафедрасынан э.ғ.к., доцент Д.А. Құттыбаева, «Психология және дефектология»  кафедрасынан п.ғ.к.,   доцент  А. Нурлыбекова және студенттер қатысты. Жиынның мақсаты «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша философия, әлеуметтану, психология, экономика және басқа да пәндер бойынша әлемдік ойлардың алтын қорына енген еңбектерден аударылған 18 оқулықты насихаттау. Жиын барысында ғалымдар, оқытушылар аударылған оқулықтарға қатысты өз пікірлерін білдіріп, аталмыш еңбектерді дәріс беруде қолдану жайлы да кеңінен  айтылды.

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика