23-ші сәуір Дүниежүзілік кітап күні мерекесіне арналған «Кітап, кітапхана және жастар болашақ көкжиегінде» атты тақырып аясында М. Әуезов атындағы ОҚМУ №2, №3 –ші жатақхана студенттері арасында бірқатар іс-шаралар дөңгелек үстел, пікір сайыстар өтті.
Іс-шараның мақсаты: студенттердің кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын, интеллектуалды білімі мен ой-өрістерінің қалыптасуына, рухани байлығын, шығармашылық қабілетін арттыру.
Бүгінгі жастарға айтатын өзекті мәселенің бірі, бос уақыттарын әр түрлі арзан қол көңіл көтеретін ойындар мен толтырмай, өздерінің рухани дамып – жетілуіне әсер ететін, білім ошағы кітапханада өткізсе.

«Тәуелсіздіктің нұрлы таңы» атты дөңгелек үстелі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Ақпаратттық білім беру орталығының №5 оқу залында (№8 ғимарат, Ватутина 2) Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл толуына байланысты «Тәуелсіздіктің нұрлы таңы» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты - еліміздің болашағы жастарды ұлтын, халқын, отанын қастерлеп, оған қалтқысыз қызмет етуге, биік адамгершілікке, қайрымдылыққа тәрбиелеу. Олардың білімге деген ынтасын арттыру.
Биыл Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы - мемлекеттің мерейлі мерекесі. Ежелден еркіндік аңсаған еліміздің сан ғасырлар бойы қасиетті күресінің, халықтың аққан қаны мен төккен терінің арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Дүниеге жаңа мемлекет - тәуелсіз Қазақстан елі келді. Қазақ елі тәуелсіздікке Нұрсұлтан Назарбаевтың елбасы болған тұсында қол жеткіздік. Бұл тарихи шындық. Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің сан ғасырлар бойы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр.
«ХХ ғасырдың Қазақ халқына тартқан ең ірі сыйы - Тәуелсіздік! Еліміздің осы күнге дейін жүріп өткен ауыр да азапты жолы - Тәуелсіздігімізге әкелген құтты жол. Ағылған көз жас, төгілген қан -Тәуелсіздігіміздің садағасы» - деді Елбасы.
Дөңгелек үстелді «Қазақ тілі» кафедрасының оқытушысы ф.ғ.к. доцент Бекетов Байқазақ Мүсірұлы ашып, «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбына баяндама жасады. Нурмаханова Нұргүл, Сапар Ақерке, Тұрсынбаева Айжамал, Жанысбекова Балнұр, Нәлібаева Тоқжан және т.б. студенттер Тәуелсіз Қазақстан, отан, туған жер, тіл туралы өлеңдер оқып, өз ойларын білдірді.
Сонымен қатар, Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып «Тәуелсіздіктің нұрлы таңы» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, оқырмандардың назарына ұсынылды.
Іс-шараға «Филология», «Педагогика және мәдениет» факультеттерінің студенттері мен оқытушылары қатысты.
Қортынды сөзді «Қазақ әдебиеті» кафедрасының оқытушысы ф.ғ.к., доцент Қалшабеков Ақжол Батырұлына берілді.




































