Көпшілік іс-шаралар

Еліміздің еркіндігі-Тәуелсіздік

Печать

Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздік күніне арналған бас оқу залының қызметкерлері сектор меңгерушісі Б.Жұмабаева мен А.Икласованың ұйымдастыруымен «Филология» факультетінің журналистика мамандығының ФИ-20-11к  тобының студенттері Еркінбек Ә., Жораева Ә., Леспаева А., Кенжаев Б., Құдайберген Ұ., ЭФ-19-3к студенті Ергенбай Т. қатысуымен «Еліміздің еркіндігі- Тәуелсіздік» атты виртуалды кітап көрмесі көрсетілді.    

 

Бір ел – бір кітап

Печать

2020 жылы 6 қараша күні Ақпараттық білім беру орталығында Қазақстан Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы шеңберінде М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы мен Ә. Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға Филология факультетінің деканы Ә.Ыбырайым, ф.ғ.к.доцент, абайтанушы Т.Қалдыбаев, ф.ғ.к.доцент М.Әліпхан және «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығының маманы Ә.Исабек, «Ақиқат» жастар орталығының және ФИ факультетінің студенттері қатысты. 

  

Референттер күні

Печать

21 қазанда ОҚУ-дің Ақпараттық  білім беру орталығында университеттің ақпараттық білім беру ортасын қалыптастыруға арналған, кітапхана қызметкерлерінің кафедра референттерімен кездесуі өтті.

АББО директоры Н.В.Рыбалкина жиналғандарды университеттің білім беру ресурстарына қойылатын талаптармен және оларға аккредиттеу кезіндегі сарапшылардың тексеруімен таныстырды. Ол ақпараттық-білім беру ортасын қалыптастыру бойынша кітапхана мен кафедралардың бірлескен күш-жігеріне, ОҚУ электронды кітапханасының ресурстарын неғұрлым белсенді пайдалану қажеттілігіне ерекше назар аударды.

Кітаппен қамтамасыз ету секторының меңгерушісі Л.Ж.Утегулова және әдебиеттер сатып алу секторының меңгерушісі Ж.Т.Тлеубаева кітапханада өткен 5 жылда жүзеге асқан ақпараттық-білім беру ортаның жаңару нәтижелері туралы референттерге ақпараттар берді.

Ғылыми-библиографиялық бөлімнің меңгерушісі А.С.Куралбаева ОҚУ қызметкерлерінің мерзімді басылымдардағы ғылыми-педагогикалық жарияланымдарының әртүрлі екендігін айта отырып, барлық оқытушыларды оқу орнының жинақтарында басылған өздерінің жарияланымдары мен ғылыми мақалаларының электрондық нұсқасын ОҚУ электронды кітапханасына беруін өтінді.

Жаңа технология және электронды ресурстар бөлімінің қызметкері И.С.Спатаев, біздің ЖОО мүше болып табылатын Жоғары оқу орындары аралық электронды кітапханасының мүмкіндіктерімен таныстырды, өзіндік және сатып алынған дерек қорларын және оқу–білім беру контенттерін пайдалану жолдарын түсіндірді.

Қатысушылар арасында іс-шара тақырыптары бойынша көптеген сұрақтар қойылды, көтерілген мәселелер қызу талқыланды. Референттер алынған әдебиеттердің тізімдерін және т.б. ақпараттық материалдар алды, кафедралармен бірігіп жұмыс жүргізудің сапасын жақсарту мақсатында референттер чатын құруды шешті.

 

 

Абай жолы

Печать

Университеттің №8 ғимаратында Ұлы Абайдың 175-жылдық мерей тойына орай  «Абай жолы» роман-эпопеясы  ғасырлық туынды тақырыбында «Абайтану» ғылыми орталығы, «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Театралдық және эстрадалық шығармашылық» кафедралары оқытушыларының қатысуымен Мәдениет және спорт факультетінің студенттері арасында оқырман конференциясы ұйымдастырылды.

 Іс-шара барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, профессор Т.Қалдыбаев «Абай жолы» романы туралы мағлұматтар берді, студенттер Абайдың әндерін орындап, ақынның өміріне байланысты көріністер қойды.

  

 

Менің Қазақстаным

Печать

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында университеттің №8 ғимаратында «Менің Қазақстаным» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Іс-шараға Мәдениет және спорт факультетінің студенттері, «Педагогика және музыкалық білім» кафедрасының аға оқытушылары Ф.С.Танкешова, Н.Фаттахова және т.б. қатысты. Іс-шара барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, студенттер патриоттық әндер орындады.

 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика