Көпшілік іс-шаралар

Әл-Фараби 1150 жыл

Печать

2020 жылдың 20 ақпан күні  Ақпараттық білім беру орталығының №9 оқу залында кітапханашы С.Бименованың  ұйымдастыруымен «Ауылшаруашылық ғылымдары жоғары мектебі» студенттерімен  Әбу Насыр әл-Фарабидың 1150 жылдық мерей тойына арналған «Әл-Фараби 1150жыл» деген тақырыппен дөңгелек үстел өткізілді. «Ветеринарлық клиникалық диагностика» кафедрасының аға оқытушылары А. Қамбаров ашып, биыл елімізде  Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерей тойы екенін айтып құттықтады. Іс-шараға АП-17-8р, АП-19-8к4 тобының студенттері қатысты.

    

Әл-Фараби әлемі

Печать

2020 жылдың 17 ақпан күні  Ақпараттық білім беру орталығының №5 оқу залында Ж.Ережепованың  ұйымдастыруымен «Тарих және педагогика» факультетінің студенттерімен  Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Әл-Фараби әлемі»  дөңгелек үстел  өтті. Іс-шараға «Қоғаммен байланыс және мәдениет» проректоры С.К.Бейсенбаев, «Тарих және педагогика» факультетінің деканы Қ. Оразбаев, «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту әдістемесі мен теориясы» кафедрасының  меңгерушісі М.Ермекбаев, магистр оқытушы  Рай Айгерім, ЖООКББИ директоры Ә.С.Ыбырайым қатысты.

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе

Печать

2020 жылдың 10 ақпан күні  Ақпараттық білім беру орталығының №13 оқу залында кітапханашы А.Мусаева мен оқытушы М.Мусантаеваның  ұйымдастыруымен университеттің №4 жатақханасында Абай Құнанбайұлының туылғанына 175 жыл толуына орай СМ, ЮМ, ЭФ, ФИ факультеттерінің студенттерімен «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» деген тақырыппен әдеби кеш өткізілді.

 

Абай Құнанбайұлының туылғанына 175 жыл

Печать

2020 жылдың 04 ақпан күні  Ақпараттық білім беру орталығының №9 оқу залында АББО кітапханашысы С.Бименованың  ұйымдастыруымен «Ауылшаруашылық ғылымдары жоғары мектебі» студенттерімен  Абай Құнанбайұлының туылғанына 175 жыл толуына орай «Абай –ұлттық ұлы тұлға» деген тақырыппен кеш өткізілді.

«Ветеринарлық клиникалық диагностика» кафедрасының аға оқытушылары С.Нуралиев, А. Қамбаров, іс-шараға қатысқан  АП-19-8к4, АП-18-8к1, Ап-18-8к2 тобының студенттеріне, Абайдың мұрасы әрбір жастың бойында елі мен жеріне деген патриоттық сезімін орнықтырады,- деп атап өтті. Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін оқып білуге шақырды. 

Журналды қалай шығаруға болады? тақырыбында практикалық семинар өтті

Печать

30 қаңтарда 2020 жылы Ақпарттық білім беру орталығының Әлем тілдер оқу залында Мәскеу қ. «Гребенников» баспа үйінің өнімдерімен танысу мақсатында «Гребенников» баспа үйінің бас директоры А.В.Халюковтың қатысуымен «Журналды қалай шығаруға болады?» тақырыбында  практикалық семинар өтті  Семинарға «Басқару және бизнес» жоғары мектебі, «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің оқытушылары, Ғылыми-зерттеу басқармасының қызметкерлері, АББО-ның және ЖОО-ның кітапханашылары қатысты. Журналға оқытушылар тегін мақала жариялауына болады.

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика