Тарих қан мен жазылып, қан мен түзетіледі

Печать

М.Әуезов атындағы Оңтүстік ҚазақстанУниверситетінің Ақпараттық білім беру орталығының № 5 оқу залында «Мәдениет және Спорт» факультетінің «Сән және дизайн» мамандықтарының қатысуымен Қазақстанның Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың құрметіне "Тарих - қан мен жазылып, қан мен түзетіледі" атты көпшілік іс- шара өтті. МС- 21-13к1 тобының  студенттері Әбіш Кекілбаевтың  "Алтын шуақ",  "Бір шөкім бұлт» өлеңдерін оқып, "Аңыздың ақыры",  "Үркер" туындыларына тоқталып өтті.Тарих пәнінің оқытушылары Ш.Б. Сембиева, Ж. Молдахметова, Г.Қабланова жазушының шығармашылығын талқылады.  Бөлім  меңгерушісі Ж.Ж Ережепова тақырыптық көрме ұйымдастырып, бейнеролик көрсетілді, студент жастарға алғысын білдірді.

 

 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика