«Наурыз - Ұлыстың ұлы күні»

Печать

      2014 жылдың 19 наурызында Ақпараттық білім беру орталығының бас ғимараттың оқу залында  Наурыз күніне арналған  «Наурыз - Ұлыстың ұлы күні»  атты әдеби-сазды кешті Бас оқу залы мен №2 оқу залы, «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің  ұйымдастыруымен өткізілді. Мерекелік кешке «Мәдени-тынығу жұмысы» кафедрасының п.ғ.д., профессоры Есенәлі Омар, «Ақпараттық технологиялар» факультетінің декан орынбасары Е.М. Утебаев, Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің бас маманы Г.Орынбекова, «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің аға тәлімгері Ж.Ибраев, ЮМ,ЭФ,СМ, ИП,ММГ факультеттерінің студенттері қатысты.  Мерекелік кеш барысында  Ж.Жаппар, Л.Медетова, Ж.Алмаз, А.Сахан, Э.Болат, А.Қалыбеков, А.Ерланова, Д.Сембекова салған әндері мен  күйі, билеген  билері көпшіліктің көңілінен шықты. Ұлтық ойындар ойналып,  көрермендер  сайысқа  түсті. АБО сектор меңреушілері  Х.Шамбулова, Б.Жұмабаева белсенді қатысқан студенттерге мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар тапсырды. Мерекелік кешке арнайы «Наурыз- Ұлыстың ұлы күні» атты кітап көрмесі көпшіліктің назарына ұсынылды.

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика