«Әдебиеттану ғылымына кіріспе»

Печать

2015  жылдың  3 қарашада күні ОҚМУ-нің 254 ауд. мәжіліс залы (бас ғимарат) Ақпарттық білім беру орталығы мен «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен ф.ғ.к., доцент Ақжол Қалшабектің «Әдебиеттану ғылымына кіріспе» атты кітабының  тұсаукесері өтті. Іс-шараның мақсаты: оқырмандарға  жаңа шыққан кітаптарды таныстыру, насихаттау және жастарды қазақ әдебиетіне қызығушылықтарын арттыру. АБО сектор меңгерушісі Х.Шамбулова кітаптың авторы А.Қалшабектің өмірі және еңбек жолымен таныстырды. Кітап тұсаукесеріне ҚР мемлекеттік сыйлық иегері ф.ғ.д., профессор Мекемтас Мырзахметұлы, жазушы Момбек Әбдәкімұлы, «Фолиант» баспасының өкілі А.Абдрахманова, Филология факультетінің  деканы ф.ғ.д., профессор Б.Тілеубердиев, ф.ғ.к., доценттері:  Н.Нурпейсов, Т.Қалдыбаев, Б.Бекетов, С.Оразалиев, Қ.Оразбаев және студенттер қатысты. Қатысушылар кітап туралы пікірлерін ортаға салып, авторға алдағы уақытта  шығармашылық табыс тіледі.  Фи-14-1к тобының студенті Әзімхан Исабек кітаптан үзінді оқыды. Соңында автор  қатысқандарға  алғысын білдіріп , кітаптарын сыйға тартты.

 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика