М.О.ӘУЕЗОВТІҢ 125-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ–ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

Печать

21 сәуір 2022 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде М.О.Әуезовтің 125-жылдығына арналған "ӘУЕЗОВ ОҚУЛАРЫ-20: Мұхтар Әуезов мұрасы – ұлт қазынасы" атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ашылды.
Іс шараны ашқан оқу орнының Басқарма Төрағасы-Ректор Д.П.Қожамжарова қатысушыларды құттықтап, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Конференция барысында Ақпараттық білім беру орталығы М.О.Әуезовтың 125-жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияға арнап кітап көрмелерін ұйымдастырды. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Мұхтартану ғылыми орталығының ғалымдары дайындаған «М.Әуезовтің Оңтүстікке сапары» атты кітабының, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ғалымдары дайындаған 3 томдық «Ежелгі дәуір әдебиетінің антологиясы», 5 томдық «Ғашықтық жырлары» және 2 томдық «Ұлы даланың көне сарындары» кітаптарының да тұсаукесері өтті.

 

 

Мухтар Ауэзов

 

Счетчики

Яндекс.Метрика