2026 жылы «Бір ел – бір кітап»

Печать
 
 
2026 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы таңдалды.
Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Қытай Халық Республикасы, Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген.
Жазушының әдеби қызметі Шәуешек гимназиясында оқып жүргенде басталған.  1954 жылы «Шыңжаң газетінде» алғашқы өлеңдері жарық көрді. «Жамал» атты тырнақалды әңгімесі 1956 жылы «Шұғыла» журналында басылды.
Жастық шақта жазылған өлеңдері 1967 жылы «Жас дәурен» деген атпен жеке жинақ болып шықты. Осыдан кейін жазушы бірыңғай проза жазуға ойысқан. «Қаздар қайтып барады» атты алғашқы әңгімелер жинағы 1968 жылы, «Көкейкесті» романы 1969 жылы жарық көрді. Содан бері жазушы қаламынан көптеген әңгіме, хикаяттар, он шақты роман туды. Романдарының дені тарихи тақырыпқа арналған.
Қазақ халқының даңқты тұлғасы, әйгілі батыр Қаракерей Қабанбай өмірін және батыр өмір сүрген кездегі аласапыран оқиғаны назарға алған «Дарабоз» роман-дилогиясы жазушының кейіпкер характерін жасаудағы өзіндік ерекшелігін танытқан туынды.
Оның екі кітаптан тұратын «Соңғы көш», «Атамекен», «Тағдыр» романдары Шыңжаң қазақтарының өмірінен жазылған.
1990 жылы Қабдеш Жұмаділовке «Тағдыр» романы үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика