Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Махаббат жыршысы» атты әдеби кеші

Печать

М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Ақпараттық білім беру орталығында  Жазушы  Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Махаббат жыршысы» атты әдеби кеш 2012 жылы 13 желтоқсанда №5 оқу залында өтті.

       Әдеби кештің мақсаты: Махаббат жыршысы Әзілхан Нұршайықовтың  ісі үлгі болған, бүкіл шығармашылық  ғұмырын жастардың тағдырына арнаған жазушыны жас ұрпаққа таныстыру, жырларын насихаттап, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

      Әдеби кешке Педагогика және мәдениет,Филология факультеттерінің оқытушылары мен студенттері  қатысты.«Қазақ әдебиеті» кафедрасының оқытушысы Тұрдалиева Роза әдеби кешті ашып, өмірі мен шығармашылығына тоқталды.  Кеш барысында жазушының сол кездегі студенттік өмірін арқау еткен, адал махаббат пен шынайы сезімді жастар романтикасын тебіренте толғаған «Махаббат қызық мол жылдар» атты кітабын  талқылап, пікірлер айтылды. «Қазақ тіл білімі» кафедрасының оқытушысы Гүлжан Бескемпірова әдеби кешті қортындылап берді. Кешке  арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. Белсенді қатысқан студенттер: Ақылбеков Ерлан, Ябаева Жанар, Жуашбаева Гүлхая, Телходжаева Анар, Лаханова Айжарқын, Махимова Шірін, Құралбаев Нұржан, Қалмұратова Сапарайым мақтау қағаздарымен марапатталынды.

     Әдеби кеш АБО сектор меңгерушісі Х.Қ.Шамбулованың  ұйымдастырумен  өткізілді.

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика