Филология факультетінің ФИ-24-4кр, ФИ-24-7, ФИ-24-7рс, ФИ-23-7к3 топтарының студенттері көрнекті қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевқа арналған әдебиіс-шара аясында бейнеролик дайындады. Өз сөздерінде олар ақынның поэтикалық мұрасының тереңдігін ашып көрсетіп, оның шығармаларын зерделеп, идеяларының қазіргі жастар үшін өзектілігін атап өтті. Студенттер Мұқағали Мақатаевтың жасұрпаққа арнаған өсиет сөздеріне — адалдық, Отанға деген сүйіспеншілік, шынайылық және өз арманы мен мұраттарына адал болу туралы ойларына ерекше назар аударды.





























