Көпшілік іс-шаралар

«Ел ертеңі және латын әліпбиіне көшу мәселесі»

Печать

      2013 жылдың 27 ақпанында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Ақпараттық білім беру орталығының    №5 оқу залында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты  жолдауын қолдау мақсатында «Түркіология» ғылыми-зерттеу орталығы және кітапханашы  қызметкерлері «Ел ертеңі және  латын әліпбиіне көшу  мәселесі»  тақырыбында дөңгелек үстел   ұйымдастырылып «Педагогика және мәдениет», «Филология» факультеттерінің оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен өткізілді.

Бұл іс-шараны «Түркіология» ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері тарихшы, этнолог, түркітанушы ғалым  Мирзаев Мұхитхан мырза  ашып берді.

Алғашқы сөзді «Түркіология» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі филол. ғылым. докторы Мыңбаев Нұрлан мырза өз сөзінде негізі бұл мәселе жан-жақты талқыланып асықпау керектігін және де көрші Өзбекстан, Қырғызстан елдері латын әліпбиіне көшкеннен ешнәрсе ұтқан жоқ деп  айтып өтті.

 Ф.ғ.к. «Қазақ тіл білімі» кафедрасының оқытушысы Бекетов Байқазақ мырза сөз алып, өз пікірінде қазіргі уақытта қазақ тіл мәселесін дұрыс жолға қоймай, келешекте латын әлипбиін қөшу деген ой орыс әріпінен құтылу деген пікірмен қалыптастырады. Дегенмен, әрбіріміздің  көкейімізде әлі де болса жауабын таппаған сұрақтар көп. Ойланып бәрін дұрыс шешім қабылдау керектігін , бұл халықтың тағдыры деп айтты.

Ақын, түркітанушы, ғалым - Сарсен Бек Сахабат өз сөзінде қарсылығым  жоқ  деп  бастап  тек  дайындығымызды  барынша күшейту  қажет, бастауыш сыныптарға мектеп бағдарламасына енгізу керек, жүйелі түрде әрекет етуіміз, оның кері әсерінен халықтың 90 пайызы қиналып, графиканы өзгертеміз деп, талай құндылықтарымыздан айырылып қалуымыз мүмкін деп батыра айтты.       Абдыкаримов Данияр- 3-ші курс тарих маманының студенті өзінің баяндамасында «Қазақ әлипбінен латын қарпіне өткенде не ұтамыз» атты зерттеу ғылыми жобасын презентация, слайд арқылы көрсетті. Маңыздысы  асықпай нақты шешім қабылдау, ағылшын тілін үйренуге жеңілдік, болашақ жастардың жаңа технологияны меңгеруге ықпалын тигізеді. Дүние жүзіндегі қазақтардың латын әлипбиін қолдайтынын  және қолданатын мемлекеттер туралы слайд арқылы  көрсетті.

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ережепова Жанат   дөңгелек үстелге қатысқан  оқырмандарға алғысымды  білдірдім.  

                               Оқырмандарға қызмет көрсету бөлім меңгерушісі

altalt

«Мәдени мұра – елге мирас».

Печать

   16  апреля 2013 года в электронно-ресурсном центре  состоялся круглый стол на тему «Мәдени мұра – елге мирас»,посвященый  Международному дню охраны памятников и достопримечательных мест. Этот праздник учрежден 18 апреля в 1983 году Ассамблеей Международного совета по вопросам охраны памятников и достопримечательных мест  при ЮНЕСКО.  Круглый стол  был организован ОИЦ совместно с  кафедрами  «Культура, социальная работа и музейное дело» и «Всеобщая история и археология». В  нем приняли  участие  директор ОИЦ М.К.Кукеева, начальник отдела историко-культурного наследия и охраны памятников Курбан Жандос,  заведующий кафедры «Культура, социальная работа и музейное дело» А.Жиенбекова, заведующий  кафедры «Всеобщая история и археология» Б.Тулкеева, преподаватели и студенты факультета ПИК.

     Участники  рассмотрели ряд тем, касающихся охраны историко-культурных памятников и музеев. Выступила с докладом старший преподаватель  кафедры «Всеобщая история и археология» А.Авизова, преподаватель кафедры «Культура, социальная работа и музейное дело» А.Кабыл выразил благодарность  организаторам круглого стола.  В завершении мероприятия за активное участие Х.Шамбулова вручила благодарственные письма преподавателям кафедры и  студентам. К мероприятию подготовлена книжная выставка «Мәдени мұра – елге мирас». 

                                                                                 Образовательного информационного центра   зав. сектор  Х.К.Шамбулова

altaltalt

«Бірлігі жарасқан ел»

Печать

       2013 жылдың 6 мамырда ОҚМУ-дың Ақпараттық білім беру орталығының Әлем тілдер оқу залында   1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Бірлігі жарасқан ел» атты дөңгелек үстелі №3 Әлем тілдер оқу залы мен Техникалық маманықтар бойынша шет тілдер кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілді. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрлі асыға күтер мейрамы.  Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.  Дөңгелек үстелге  Техникалық маманықтар бойынша шет тілдер кафедрасының  оқытушысы Дария Сванова,  Химия-технологиялық факультетінің студенттері мен оқытушылары  қатысты.  №3  Әлем тілдер оқу залының кітапханашысы  М.Иманкулова  құттықтау сөз сөйледі. Дөңгелек үстел барысында «ХТ» факультеттің   ХТ -12-3к тобының студенттері: Әбдіхалық Камшат,  Кермек Күнімай , Суюнова Дәмегүл, Жанысбай Арайлым  Қазақстан халқының бірлігіне арнап баяндамалар, жырлар оқылып, слайдтар көрсетті.  Кітапхана сектор меңреушісі   Халида Шамбулова қатысқан студенттерді мақтау қағаздарымен марапаттап, қатысушыларға алғыс айтты. Мерекелік кешке арнайы «Бірлігі жарасқан ел» атты кітап көрмесі көпшіліктің назарына ұсынылды.

 

«Молодежь и религия»

Печать

     10  апреля 2013 года в электронно-ресурсном центре  состоялся круглый стол на тему «Молодежь и религия». В  нем приняли  участие  заведующий  центра  религиоведческих  исследований  Г.К. Маймаков,  начальник воспитательного  отдела  и  молодежной  политики  Б.Н. Мустафаев, директор молодежного центра М.А. Баянов, имам Т.Б. Дарибаев, преподаватели кафедры «Политология» и студенты  университета.  На  встрече  обсуждались проблемы религиозного экстремизма, влияния деструктивных сект, пропаганды псевдорелигиозных идеологий среди молодежи,  а также вопросы недостаточности религиозного образования, как одной из причин возникновения этих проблем. Выступили с  докладом  заведующий  центра религиоведческих исследований  Г.К. Маймаков,  преподаватель  кафедры «Политологии» Кайрат  Бименов.  Затем слово было предоставлено имаму М.А. Баянову. После выступлений со стороны учащихся был задан ряд вопросов.  Во время круглого стола вниманию студентов  был предложен видеоролик  о деятельности и злотворном влиянии сект. Была организована  книжная выставка на тему «Діні беріктің - діңгегі бұзылмас».  Направлены все эти мероприятия на предотвращение попадания молодых людей в тоталитарные деструктивные секты, которые способны разрушить не только семью, но и  как таковую  личность человека.  

 

   

«Ұлттың ұлы ұстазы»

Печать

      Рухани мәдени тарихымыздың көрнекті өкілі, белгілі ғалым - педагог, халқымыздың тұңғыш тіл маманы, қазақ әдебиеті теориясының  негізін салушы, ақын, аудармашы – Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 140 жыл.
Таяуда М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың  Ақпараттық білім беру орталығының  №5 оқу залында «Қазақ әдебиеті» және «Қазақ тіл білімі» кафедраларының  ұйымдастыруымен  Ахмет Байтұрсыновтың  140-жыл толуына орай   «Ұлттың ұлы ұстазы» атты оқырмандар  конференциясы  университеттің  оқытушылары мен студентінің қатысуымен өтті.
Филология  факультетінің деканы Б.М.Тлеубердиев конференцияны ашып беріп, өз сөзінде: «Алаштың ардақтысы Ахмет       Байтұрсынұлы - саясаткер, көрнекті ғалым, ақын  ұлты  үшін, салт-дәстүрін сақтау үшін  жанын  қиған  қайраткер.  Ахаңның аталған салалардан жазған еңбектерінің ғылыми терең мәні, алғыр да парасатты, өз дәуірінің еңсесі биік ер-азаматы, қазақтың сол кездегі саусақпен санарлықтай маңдай алдыларының бірі. Кейінгі ұрпаққа өшпес өнеге, өлмес мұра қалдырған ұлы тұлғаның өмірі әлі де тереңірек зерттеуді қажет етеді», - деп атап өтті. «Гуманитарлық мамандықтар бойынша шет тілдер» кафедрасының оқытушысы Төлеген Балауса «А.Байтұрсыновтың И.А.Крыловтың мысалдарын  аударудағы шеберлігі» атты баяндамасында: «Ахмет Байтұрсыновтың мысал аудармасында қоғамда болып жатқан жайттарды меңзейтін әлеуметтік жағдайды сипаттайтын оқиғалар, қазақ  халқының психологиясымен сәйкес тұжырымдар мол  орын алған Ахметтің көркем аудармалары қазақ  әдебитетіне қалдырған бай мұраларының бірі».
ФИ 13-1к1 тобының студенті Ахмет Бекзатың «Ұлттық болмысты ұлықтаған ұстаз»,ФИ13-1к2  тобының студенті Тоқтағұл Зейнептің  «Ахмет  Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарасы»  атты баядамалары тыңдалды. Ахметтің өлеңдерін Бейсенбай Гүлжауқар, Сұлтан Таңшолпан мәнерлеп оқыса,  жас ақындар Тілләбек Айдын, Талғат Есжан, Бейсенбай Жәудір, Бейбітбек Ақбота, Абибуллаева Арайлым  ұлы ұстазға өздері шығарған  арнауларын оқыды.
       «Қазақ әдебиеті» кафедрасының  оқытушысы, доцент А.Б.Қалшабеков: «Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет етті және халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті.   Рухани  құндылықтарды жас ұрпақтың  бойына сіңіруге бағытталған осындай ұлы тұлғаларды ұлықтайтын іс-шаралар өтіп тұруы қажет», - деп  қорытындылады.
 Конференцияда тарихи тұлғаның шығармаларын  насихаттайтын арнайы кітап көрмесі көпшіліктің назарына ұсынылды. Тәуелсіздікке жетуде елі үшін аянбай тер төгіп, Қазақтың ұлт ретінде  сақталып қалуына үлкен үлес қосқан Ахмет Байтұрсынов есімі  ұрпақпен бірге мәңгі  жасай  бермек.

Халида Шамбулова

Ақпараттық білім беру орталығының сектор меңгерушісі

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика