Көпшілік іс-шаралар

IPR SMART цифрлық білім беру ресурсы – кітапханалар жүйесі

Печать
 
18.04.2023 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Ақпараттық білім беру орталығы мен «EDP Hub» (Идипи Хаб)  ЖШС-нің ұйымдастыруымен IPR SMART цифрлық кітапханасының  өнімдерін ұсыну мақсатында «Ай Пи Ар Медиа» компаниясының  коммерциялық директор - Иванов Сергей мен Даму бөлімінің директоры - Кутуева Вита Шымкент қаласының ЖОО кітапхана басшыларымен кездесті.
Кездесу барысында DATALIB цифрлық білім беру ресурсы, PROF білім беру электрондық ресурстары, баспа қызметі саласындағы ынтымақтастық, университет авторларының кітаптарын бірлесіп басып шығару, оқытушылардың еңбектерін компанияның цифрлық өнімдеріне енгізу туралы ұсыныстар айтылды.
 
 

Ақпараттық білім беру орталығында «Ғылым күні» атты семинар өтті.

Печать
2023  жылдың  19  сәуір  күні  М.Әуезов  атындағы  Ақпараттық  білім беру орталығында «Ғылым күні» атты семинар өтті. 
Іс-шараның модераторы болып,семинарды АББО директоры Сауырбаева И.К. ашты. Кітапхана қызметкерлері Ақпараттық білім беру орталығында университеттің магистранттары мен докторанттарына ғылыми жұмысқа көмектесу үшін көрсетілетін қызметтер туралы түсіндіріп өтті.
Докторант Қуандықова А.Е., «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығының магистрі және бас маманы Әзімхан Исабек Үсенұлы баяндама жасады

 

ЖОО кітапханаларының ынтымақтастық қарым -қатынасы

Печать

30.03.2023 жылы заман талабына сай, креативті және жаңашыл біліктілігін көтеру мақсатында Ақпараттық білім беру орталығына Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің А.Байтұрсынов атындағы төсбелгі иегері, Ақпараттық-ресурстық орталық (кітапхана) басшысы Абсеметова Ақмеруерт Абсадыққызы мен кітапхана қызметкері Рахымжанова Бақыткүл келді. Кітапханамызға кітап сыйлап, қызметкерлерімен кездесу барысында заманауи RFID технологиясының мүмкіндіктерімен,  кәсіби іс-тәжірибесімен алмасты.

Наурыз берекем, наурыз мерекем

Печать
2023 жыл 16 наурыз күні «Наурыз берекем, наурыз мерекем» атты Ақпараттық білім беру орталығында  әдеби-сазды кеш өтті. Қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай ел. Салтымызды қадірлеп, дәріптеп кешке атсалысқан қатысушылар мен  СМ, ИП, ФИ, ХТ, Мәдениет және өнер факультеттерінің
 студенттері  құрсақ шашу, тұсау кесер  дәстүрлерін нақышына  келтіріп көрініс көрсетіп,  халықтың  дәстүрлі ән-жырымен  шашу шашты, соңында АББО директоры И.Сауырбаева келген қонақтар мен қатысушы студенттерге алғыс білдірді.

Талғамы биік қаламгер

Печать
«Бір ел – бір кітап» акциясы шеңберінде Төлен Әбдіктің  80 жасқа толуына орай «Талғамы биік қаламгер» атты дөңгелек үстел өтті.
2023 жыл 2 наурыз күні Ақпараттық білім беру орталығының бас оқу залында Шымкент қаласы Абай атындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты №14 кітапхана бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесе отырып,«Бір ел – бір кітап» акциясы шеңберінде белгілі драматург, жазушы Төлен Әбдіктің  80 жасқа толуына орай «Талғамы биік қаламгер» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға «Мәдениет және өнер», «Филология», «Сәулет,құрылыс және көлік», «Заң» факультеттерінің студенттері қатысты.
«Театр және шығармашылық» кафедрасының аға оқытушысы А.Емқұлованың жетекшілігімен жазушының «Оң қол» әңгімесінен МС- 20-6к тобының студенттері сахналық қойылым көрсетті және шығармаларынан үзінділер оқыды.
Кеш соңында белсенді студенттер Мадақтама қағазымен марапатталды.
 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика