БД – «Электронный архив» - полнотекстовая база данных учебной литературы на казахском, русском, английском языках    Комиссия по правам человека при президенте РК ELIBRARY.RU - ЭЛЕКТРОННАЯ БИБЛИОТЕКА База данных arXiv.org — крупнейший бесплатный архив электронных публикаций научных статей и их препринтов по физике, математике, астрономии, информатике и биологии Электронная библиотека статей 300 популярных журналов и газет на английском языке (1998-2003 гг.)  Казахстанская открытая библиотека Казахстанская Национальная электронная библиотека       
      2025 жылғы 18 -22 тамыз аралығында Астанада ЭКСПО аумағындағы Конгресс-орталығында «Білімді біріктіріп, болашақты қалыптастырамыз» тақырыбымен IFLA WLIC-тің 89-шы Дүниежүзілік кітапханалық және ақпараттық конгресі өтті. Бұл ауқымды шара Орталық Азия мен ТМД елдерінде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
Жиынға әлемнің 114 елінен 1 600-ден астам делегат қатысты Қазақ еліне әлемдік кітапханашылар қауымын IFLA президенті, Квисленд (Аустралия) кітапханасының бас директоры Вики Макдональд бастап келді.
      IFLA – кітапхана ісіндегі мамандардың ең ірі жаһандық ұйымы. Ол 1927 жылы Шотландияның Эдинбург қаласында құрылған. Бүгінде ұйымның штаб-пәтері Нидерландтың Гаага қаласындағы Кароль кітапханасында орналасқан. Халықаралық қауымдастық түрлі елдердегі озық тәжірибені жинақтап, сараптап, қызмет көрсету мен ақпарат алмасуды үйлестіріп отырады.
     Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады.  Конгреске Түркі тарихы және мәдениеті қоры атынан «Отырар» және “Turcology” түркі әлемінің цифрлық кітапханасы жобалары аясында IFLA жұмысына қатысу – біз үшін зор абырой әрі мақтаныш!
   Салтанатты жиынды ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Ешенқұлов Талғат Ильясұлы ашып берді. Әрі қарай IFLA Президенті Вики Макдональд, ҚР ЖОО кітапханалар қауымдастығының президенті Иржанова Гүлжан Жеңісқызы  қатысушыларға бір толқында болуға үндеу тастап сәттілік тіледі. 
   М.Әуезов атындағы ОҚЗУ Ақпараттық білім беру орталығының директоры Саубаева Индира Қабланқызы қатысып, Ашық ғылымға және ашық ғылыми қауымдастықтарға тұрақты жолдар және оқу мәдениетін көтеруге арналған жаңа жобалармен бөлісті. 
Сонымен қатар конгреске қатысқан делегаттармен кітапхана саласының майталмандары Ашық ғылымның ғылыми коммуникацияға әсері:
ЖИ -ні ақпараттық сауаттылыққа біріктіру, кітапхананың озық технологиялары, сандық инклюзия, медиа, жасанды интеллект және т.б. заманауи маңызды тақырыптар талқыланып, тәжірибе алмасып, жаңа жобалардың негізі қаланды.
 
 
 
  
 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика