Серік Қирабаев Аймауытов туралы

Печать
Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті республикада отызыншы жылдары орын алған зорлық-зомбылықтың, социалистік заңдылықты бұзудың құрбаны болып, жазықсыз жазаға ұшыраған қазақ мәде- ниеті мен әдебиетінің бір топ қайраткерлерін ақтау туралы қаулы қабылдады.' Осы қаулыда және Орталық Комитеттің осы мәселелерді зерттеу ұшін құрған арнаулы комиссиясының қорытындыларында А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев және Ж.Аймауытовтың қоғамдық-саяси, ғылыми-педагогикалық және әдебиеттік қызметі жайлы толық баяндал- ған. Сонымен бірге онда олардың творчествосына қатысты «тарихи шындықты толық көлемінде қалпына келтіру», «қателіктері мен уақытша адасуларын сын тұрғьщан қарап зерделеу» қажеттігі атап көрсетілді.
Бір кездерде «ұлтшылдық» әдебиеттің өкілдері саналып келген бұл қайраткерлердің қоғамдық, творчестволық еңбегі шыныңда да тұгелдей қазақ халқының ұлттық мњдделерімен байланысты өтті. Саналы өмірін революциядан бұрын бастаған олар сол кездегі қоғамдық дамудың мешеулігін, қазақ халқының қдраңғылықтағы, қанау астындағы аянышты өмірін, патша өкіметінің отаршылдық саясатының халцқтың тұрмыс- тіршілігін ауырлатып, саяси правосын тежеп отырғанын көре білді. Олар халықты ағарту, оны өнер-білімге тарту идеясын ұсынды. Соның ішінде озық ойлы орыс мәдениетінің њлгілерін насихаттады, орыс әдебиетінің бірқатар шығармаларын аударып таратып, оны өздерінің ағартушы- лық мақсаттарына пайдаланды. Халықты патшаның отаршылдық бұғауы- нан құтқарудың жолын іздеді. Осындай жағдайда болған 1917 жылғы буржуазиялық-демократиялық февраль революциясын, патшаның тақтан тұсуін олар шын пейілмен қуана қабылдады. Қазақты отаршылдықтан азат, билііЧн өзі ұстаған ел ету (Россияға бағына отырып) жолын іздеді. Осы жолда бұлардың тапқан «панасы»-«Алашорда» еді. Біраз уақытын, еңбегін Алашорда ұкіметі мен Алаш партиясын дамыту, нығай- ту жолына жұмсаған олар көп кешікпей-ақ бұл бағыттың қателігін, халықты бақытқа, азаттыққа жеткізудің жолы бұл емес екенін тұсінді. А. Байтұрсынов Әліби Жангелдинмен байланыс жасап, сол арқылы Совет өкіметімен келіссоз жњргізді, В. И. Лениннің қабылдауында болды. Бњқілроссиялық Орталық атқару Комитеті 1919 жылғы 4-апрельде Қазақстандағы Алаш буржуазиялық-ұлтшылдық партиясы мен Алаш- орда њкіметінің басшьшарына кешірім жасау туралы шешім қабылдады. Міне, осыдан кейін Совет өкіметі жағына қалтарыссыз шыққан қалам- герлер ендігі еңбегін тњгелдей жаңа социалистік құрылысқа, оның мақ- сат-мњдделеріне ыңғайлады. Жаңа советтік әдебиет, мәдениет жасау
' «Социалистік Қазақстан», 28 декабрь, 1988.
ісіне араласты. Алайда жиырмасыншы жылдар ішіндегі біздің елімізде өрістеген таптық књрес жагдайында олардың откендегі қателері жиі еске алынып тұрды. Ал отызыншы жылдары социалистік заңдылықтың бұзылуы нәтижесінде олар сол өткен қателіктері мен адасулары ұшін жазага тартылды. Біздің елімізде қазір жұргізіліп жатқан қайта құру жагдайында, демократия мен жариялылықтың кұшейіп тұрган кезінде, жазықсыз жазага ұшырап кеткен сат бір ұлкен қайраткерлер жайында сөз қозгалып, шешім қабылдануының себебі де, жеке адамга табыну тұсында кеткен сол бір қателіктерді тњзетудің қажеттігінен туған еді.
Жұсіпбек Аймауытов - осы қатардагы асга ірі тұлгалардың бірі. Ол - ақын, прозашы, драмашы, еыншы, публицист, аудармашы. Әде- биеттің әр алуан жанрларында белсенді қызмет ете отырып, Жұсіпбек революциядан кейін туған жаңа советтік әдебиеттің негізін салушылар- дың алгы легінде болды. Көптеген ірі шығармаларымен жаңа жанр- лардағы ізденістерді орнықтырды.
/Жұсіпбек Аймауытов 1889 жылы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Қызылтау болысының бірінші аулында туған'. Арғы аталары ауқатты болған деседі. Бірақ Жњсіпбектің өз әкесі Аймауыт та, оның әкесі Дәндебай да шағын шаруалы адамдар болған. Жњсіпбектің 15 жасқа дейінгі өмірі өз аулында өтеді. Ол ауыл мавдасынан оқып сауат ашады. Њзіп-жұлып әр қилы маідалар (вз айтуынша, Жњніс қожа, Шәймер- ден қожа, Қожахмет молда, Қапар қажы, Мұхамеджан) алдын көріп, ескіше едәуір білім алады.^одан кейінгі аз уақыт өзі молдалық құрып, бала оқытады. «Қартқож^> романында суреттелетін бала молда өзі екенін жазушы мойындап жазған^
1907 жылы Жұсіпбек мслдалықты тастап, Баянауылға барып орыс мектебіне тұседі. «Оспанның (Аймауытгың інісі. С. Қ.) Серебрянников дейтін тілмәші мені тәуір көруші еді. Баянда соның њйінде жаттым. Баянда бір қыс оқып, екі бапімін бітіріп, келер жылы Керекудегі (Пав- лодар) қазыналық ауыл шаруашылық (с-хоз) школына барып, емтихан ұстадым»,- дейді ол^. Бірақ ауыл шаруашьыық мектебінде ұзақ оқи алмайды. Бір айдай ауыл шаруашылық жұмысына қатысып, одан кейін екі ай ғана оқуға мњмкіндік алған Жњсіпбек мектеп режимі мен әділет- сіздікке қарсы бой көтерген балалардың қатарында оқудан шыгып қалады.
Осыдан кейін біраз уақытын ол ауылда бала оқытумен, Баяндағы мек-
Жњсіпбектің туган жылы жайлы деректер әр килы. С. Мұқанов «XX гасырдагы қазақ әдебиеті» атты кітабында (932) 1893 жылы туды деп көрсеткен. С. Садуақасовтың сұрақтарына берген жауабында «сиыр жылының аяғында» (1890 жылдар) ...тусам керек»-(«Қазақ әдебиеті», 23-декабрь, 1988 ж.) дейді. «1890 жылдар» дегеніне қара- ғанда, бұл жылды ол да жобалап айтқан тәрізді. Ал сиыр жылы жылдың аяғы болуы мњмкін. Кейінгі біраз деректерде де осы жыл корсетіледі. С. Қ.)
«Қазақ әдебиеті», 23 желтоқсан

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика