Құрметті пайдаланушылар!
Оқулықтарды кітапханадан алу үшін сіздер міндетті түрде кітапханаға алдын ала онлайн тіркелулеріңіз қажет. Тіркелу үшін төменде берілген сілтемеге өтіңіз.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 2020 жылы мәдени астанасы деп жарияланған Шымкент қаласы кітапханаларының ресми сайттарында Түркіменстанның Бейтараптығының 25 жылдығына және «Түрікменстан - Бейтараптықтың отаны» жылына арналған онлайн-көрме ашылды. Қазақстан Республикасындағы Түрікменстан Елшілігінің ұйымдастыруымен, Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған онлайн-көрмеде Түркіменстанның көркем табиғаты, ұлттық мәдениет пен дәстүрлері, бай тарихы туралы фотосуреттерді көруге болады. Көрме сайтқа келушілерді құрметті Президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың басшылығымен гүлденіп жатқан Түркіменстанмен таныстыруға арналған. Интернет-көрме 2020 жылдың соңына дейін жалғасады. http://fair.otyrarlib.kz/