Кітапхананы дамыту бөлімі
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 27 наурыздағы №249 бұйрығына сәйкес М.Әуезов атындағы ОҚМУ Ақпараттық білім беру орталығы Оңтүстік Қазақстан облысының білім беру жүйесі кітапханалары үшін бірыңғай үйлестіруші, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық орталық болып бекітілген. Қазіргі кезде әдістемелік бірлестікке 9 колледж, 4 кәсіби лицей және 5 жоғары оқу орын кітапханалары кіреді. АБО әдістемелік қызметін Кітапхананы дамыту бөлімі (КДБ) жүзеге асырады.
Бөлім жұмысының негізгі бағыттары:
- кітапхана қызметінің негізгі бағыттары бойынша әдістемелік көмек көрсету;
- кітапхана ісінің озық іс-тәжірибелерін зерттеп, насихаттау және енгізу;
- АБО және ОҚО білім беру жүйесі кітапханаларының қызметін үйлестіру;
- кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
- АБО бөлімдері мен басқа да кітапхана қызметкерлеріне кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызметті жетілдіруде кеңес беріп, әдістемелік көмек көрсету;
- АБО құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыруға тәжірибелік көмек көрсету.
- қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату жүйесі бойынша іс-шараларды: конференциялар, семинарлар, дөңгелек столдар ұйымдастыру;
- АБО әдістемелік кеңесін ұйымдастырып, кеңес шешімдерінің орындалуын қадағалау;
- АБО және ведомствоаралық кітапхана қызметкерлері үшін біліктілік жоғарылату курстарын ұйымдастыру.