БД – «Электронный архив» - полнотекстовая база данных учебной литературы на казахском, русском, английском языках    Комиссия по правам человека при президенте РК ELIBRARY.RU - ЭЛЕКТРОННАЯ БИБЛИОТЕКА База данных arXiv.org — крупнейший бесплатный архив электронных публикаций научных статей и их препринтов по физике, математике, астрономии, информатике и биологии Электронная библиотека статей 300 популярных журналов и газет на английском языке (1998-2003 гг.)  Казахстанская открытая библиотека Казахстанская Национальная электронная библиотека       

2023 жылы 14 наурыз күні сағат 11 - 00-де  «Ақпараттық-кітапханалық кеңістік: корпоративтік және жеке даму жолы» атты семинар-тренинг өтеді.  Автоматтандырылған интегралды кітапханалық-ақпараттық бағдарлама "Ирбис-64" жүйесінің құрылымы туралы, әрі қарай жүйе арқылы кітапханалық үрдістерді жүргізу әдістері мен тәсілдері жөнінде Ресей федерациясынан келген Токмаков Вячеслав Викторович  "Болашақ кітапханасы" Ұлттық кітапхана қауымдастығының Вице-президенті (ҰҚБК), ООО «ЭйВиДи систем» директоры жүргізеді.
Өтетін орны: М.Әуезов атындағы ОҚУ, Ақпараттық білім беру орталығы, Бас оқу залы

«Бір ел – бір кітап» акциясы шеңберінде Төлен Әбдіктің  80 жасқа толуына орай «Талғамы биік қаламгер» атты дөңгелек үстел өтті.
2023 жыл 2 наурыз күні Ақпараттық білім беру орталығының бас оқу залында Шымкент қаласы Абай атындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты №14 кітапхана бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесе отырып,«Бір ел – бір кітап» акциясы шеңберінде белгілі драматург, жазушы Төлен Әбдіктің  80 жасқа толуына орай «Талғамы биік қаламгер» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға «Мәдениет және өнер», «Филология», «Сәулет,құрылыс және көлік», «Заң» факультеттерінің студенттері қатысты.
«Театр және шығармашылық» кафедрасының аға оқытушысы А.Емқұлованың жетекшілігімен жазушының «Оң қол» әңгімесінен МС- 20-6к тобының студенттері сахналық қойылым көрсетті және шығармаларынан үзінділер оқыды.
Кеш соңында белсенді студенттер Мадақтама қағазымен марапатталды.
 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика