Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!
Құрметті оқырмандар 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін “Ұлттық жазылым” жобасы аясында Wiley баспасының ғылыми зерттеулер үшін ақпараттық ресурстары қолжетімді екенін назарларыңызға жеткіземіз. Тіркелу сілтемесі: https://onlinelibrary.wiley.com/
Қолжетімді ресурстар (ағылшын тілінде) — журнал мақалалары. 1996 жылдан бастап жинақталған.
ҚОЛЖЕТІМДІ МАЗМҰНЫ:
• 3000 астам рецензияланған журналдар(6 млн. астам мақала);
• 30 000 астам электрондық оқулықтар;
• 200 аса көп томдық энциклопедиялар мен сөздіктер;
• 18 дана ағымдағы хаттамалар журналы (зертханалық нұсқаулықтарда 18 000-нан астам хаттамалар бар);
• 13 дана деректер базасы (химия және дәлелді медицина);
Wiley халықаралық баспасы-ең ірі академиялық баспалардың бірі. 1807 жылы негізі қаланған JohnWiley&Sons (толықатауы) қазіргі ғылым мен білімнің барлық салаларында толық мәтінді ғылыми ресурстарды жариялайтын әлемдегі ең көне және құрметті баспалардың бірі болып қала береді.