БД – «Электронный архив» - полнотекстовая база данных учебной литературы на казахском, русском, английском языках    Комиссия по правам человека при президенте РК ELIBRARY.RU - ЭЛЕКТРОННАЯ БИБЛИОТЕКА База данных arXiv.org — крупнейший бесплатный архив электронных публикаций научных статей и их препринтов по физике, математике, астрономии, информатике и биологии Электронная библиотека статей 300 популярных журналов и газет на английском языке (1998-2003 гг.)  Казахстанская открытая библиотека Казахстанская Национальная электронная библиотека       

Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтің сөзімен айтқанда: «Кітап – әр адамның өмірлік досы». Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы–кітапханашылар. М.Әуезовтің туылғанына 125 жыл толуына орай Ақпараттық білім беру орталығы қызметкерлері арасында «Үздік кітапханашы-2022» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: заман талабына сай кәсіби біліктілігін арттыру, креативті және жаңашыл кітапханашыларды айқындау.

Байқауда әділдік пен шындықты арқа тұтқан, қазылар алқасы: Академиялық  мәселелер жөніндегі проректоры- Р.Ж.Абишева,  философия ғылымдарының кандидаты доцент,  А.А.Жиенбекова, АББО директоры- И.Қ. Саурбаева, АББО директор орынбасары- Г.Қ.Мыңбаева, АББО сектор меңгерушісі- Б.Ә.Жұмабаева кітапты өзіне сенімді дос еткен  байқауға қатысқан кітапханашыларымыздың кәсіби шеберлігі мен біліктілігін, шығармашылық дарынын бағалап, жеңімпаздарымызды марапаттады. Бас жүлде «Үздік кітапханашы-2022» жеңімпазы техникалық мамандықтарға арналған №2 оқу залының қызметкері –А.Арыстанова. Кітап қорын қалыптастыру бөлімінің қызметкері- Г.Булетова «Білікті маман», «Көшбасшы маман» номинацияларын, құжаттарды жүйелеу және ғылыми өңдеу бөлімінің қызметкері- Т.Джанбулатова «Кітапханашы-инноватор»  номинациясын, жаңа технология және электронды ресурстар бөлімінің қызметкері – А.Имамадиева «Креативті-кітапханашы»  номинациясын, №2 жатақхана қызметкері  Т.Тазабек «Зияткер кітапханашы» және «Ең үздік инсталляциялық көрме» номинацияларын иеленді.

 
 
 

14 желтоқсан күні АББО мен «Сәулет құрылыс  және  көлік» факультетінің  ұйымдастырылуымен тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік таңы –мәңгілік» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Кешімізді құттықтау сөзімен аталған факультеттің деканы,т.ғ.к,доцент  Қ.Е.Иманалиев  ашты.Кеш қонақтары желтоқсан оқиғасының күәгерлері  «Демократия институттарын дамыту орталығы» қоғамдық бірлестік директоры Сейтімбек Жарқынбек және ОҚО «Ақиқат-1»қоғамдық бірлестігінің  төрағасы,қоғам қайраткері,ҚР-нің мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері,журналист,жазушы Байжанов Ілесбек қатысушы жастарға сол 1986 жылғы көтерілістегі оқиғалар жайлы баяндап,бүгінгі күні алға қойған мақсат білім,ғылым,елге деген құрмет,отанға деген сүйіспеншілік болуы қажет екенін айтып өтті. Қазақстанның тәуелсіздігі жайлы АББО қызметкері  А.Д.Арыстанова баяндама жасап, сазды кеште белсенді студенттер  желтоқсан оқиғасына қатысты көрініс көрсетіп, өлеңдер оқып, ән айтты. АББО директоры И.Қ.Сауырбаева  кеш қонақтарына ыстық лебізін білдіріп, студенттерді  марапаттады.

 

 

 

18.11.2022ж. М.Әуезов  атындағы ОҚУ Ақпараттық білім беру орталығы 2022-2023 оқу жылындағы кафедралар референттеріне арналған «Референт күні» атты семинар ұйымдастырды. Университеттегі оқу және ғылыми үрдіс барысында кафедра референтінің атқаратын рөлі маңызды.

АББО ресурстарымен сонымен қатар жаңадан келіп түскен әдебиеттермен ақпараттық ресурстарға жылдам қол жеткізу үшін кафедралар мен кітапхананың электрондық байланысы, жаңа әдебиеттерге өтінімдерді тіркеу, пәндерді кітаппен қамтамасыз ету көрсеткіштері барысын  талдау жаңа пәндерді кітаппен  қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілген жағдайда кафедрада оқу және ғылыми үрдіс жоғары деңгейде  жүретіні анық.

 Академиялық мәселелер бойынша  проректоры Р.Абишева, АББО директоры  И.Саурбаева референттермен өз ойларымен бөлісіп, құттықтады. Сектор меңгерушілері:  Г. Болетова, М. Иманкулова, В. Панкратова өз жұмыстары туралы мәлімет берді. Жаңа технология және электрондық ресурстар бөлімінің қызметкері И. Спатаев кітапхана сайтын http://www.lib.ukgu.kz/ пайдалануды, отандық және шетелдік  базалардан ақпараттар мен мәліметтер алу жолдарын түсіндіріп өтті. Кітапханаға қарыз оқырмандар туралы оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Б. Кулданбаева ақпарат бере отырып кітап оқуға шақырды.

 

 

 

 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика