Құрметті «Экономикалық теория»,
«Менеджмент және маркетинг» кафедраларының студенттері мен оқытушылары!
Сіздерді 2021 жыл 7 қазан сағат 10.30-да
«Жаңа гуманитарлық білім: 100 жаңа оқулық»
жобасы бойынша Ақпараттық білім беру орталығы қорына түскен жаңа кітаптармен танысуға шақырамыз.
Өтетін орны: бас ғимарат, 2 қабат «Елбасытану» орталығында
Сіздердің назарларыңызға халықаралық мәліметтер базасы ProQuest Ebook Central қорын пайдалану мүмкіндігі беріліп отыр. ProQuest Ebook Central базасы әлемдік деңгейдегі ең таңдаулы ғылыми және техникалық шетел баспаларының оның ішінде, Wiley, Island Press, World Scientific Press, University of North Carolina Press, Elsevier Science, Rutgers University Press, Temple University Press және т.б. басқаларының электрондық оқулықтарының ауқымды жинағы.
Төменде берілген сілтеме арқылы тіркеуден өтесіздер.