Сіздерді, 2022 жылдың 09 қараша сағат 11.00
жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туылғанына 125 жыл толуына орай
«М.Әуезов – әлем әдебиеті мойындаған тұлға»
атты оқырман конференциясына шақырамыз.
Ұйымдастырушы: Ақпараттық білім беру орталығы
Өтетін орны: Бас ғимарат, 1 қабат,
«Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығы
23.09.2022ж. Ақпараттық білім беру орталығы «Тарих және педагогика» факультеті және «Жаратылыстану ғылымдары және педагогикалық жоғары мектебі» студенттеріне кітапхана ресурстарын таныстыру мақсатында семинар-тренинг жүргізді. Білім алушыларға Ғылыми-библиографиялық бөлімнің қызметтерін және АББО толық мәтінді деректер қорлары: «Альма-Матер», «РМЭБ», «Эпиграф», «Aknurpress», «Өлкетану» сандық кітапханасы, әлемдік ғылыми мәліметтер базалары «EBSCO», «SpringerLink», «Полпред», «ThomsonReuters», «Scopus», «ScienceDirect» және ИРБИС электрондық каталогымен жұмыс жасау барысы түсіндірілді. Оқырмандарға кітапхана қорындағы барлық толық мәтінді деректер көзімен жұмыс жасау, ізденіс жүргізу жұмыстары жайында толық ақпарат берілді.