22.09.2022ж. Ақпараттық білім беру орталығы «Мәдениет және спорт» факультет студенттеріне кітапхана ресурстарын таныстыру мақсатында семинар- тренинг жүргізді. Факультет студенттеріне Ғылыми-библиографиялық бөлімнің қызметтерін және АББО толық мәтінді деректер қорымен ИРБИС электрондық каталогымен жұмыс жасау барысы түсіндірілді: «АльмаМатер», «РМЭБ», «Эпиграф», «Aknurpress», «Өлкетану» сандық кітапханасы, әлемдік ғылыми мәліметтер базалары «EBSCO», «SpringerLink», «Полпред», «ThomsonReuters», «Scopus», «ScienceDirect». Оқырмандарға кітапхана қорындағы барлық толық мәтінді деректер көзімен жұмыс жасау, ізденіс жүргізу жұмыстары жайында толық ақпарат берілді.
05.09.2022ж. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің 2022-2023 оқу жылындағы 1 курс студенттеріне АББО кітапхананы пайдалану ережесімен, кітапхана сайты lib.ukgu.kz, деректер базалар мен электронды кітапхана жүйесін пайдалану туралы ақпарат берілді. Электрондық каталогтан ақпарат іздестіру жолдарымен, жаңа келген әдебиеттер тізімін қалай көруге болатыны түсіндіріліп өтті.