Филология факультетінің ФИ-24-4кр, ФИ-24-7, ФИ-24-7рс, ФИ-23-7к3 топтарының студенттері көрнекті қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевқа арналған әдебиіс-шара аясында бейнеролик дайындады. Өз сөздерінде олар ақынның поэтикалық мұрасының тереңдігін ашып көрсетіп, оның шығармаларын зерделеп, идеяларының қазіргі жастар үшін өзектілігін атап өтті. Студенттер Мұқағали Мақатаевтың жасұрпаққа арнаған өсиет сөздеріне — адалдық, Отанға деген сүйіспеншілік, шынайылық және өз арманы мен мұраттарына адал болу туралы ойларына ерекше назар аударды.
Сіздерді 14 ақпан «Халықаралық кітап сыйлау күніне» орай ұйымдастырылатын «Кітап – ең қымбат сый» атты кітаппен серуен квестіне қатысуға шақырамыз.
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР: Ақпараттық білім беру орталығы, Жастар орталығы
ҚАТЫСУШЫЛАР: Барлық факультеттер және қаладағы жоғары оқу орындары мен Шымкент қалалық кітапханалары
ӨТЕТІН ОРНЫ: Бас ғимарат, 2 қабат, бас оқу залы






























