БД – «Электронный архив» - полнотекстовая база данных учебной литературы на казахском, русском, английском языках    Комиссия по правам человека при президенте РК ELIBRARY.RU - ЭЛЕКТРОННАЯ БИБЛИОТЕКА База данных arXiv.org — крупнейший бесплатный архив электронных публикаций научных статей и их препринтов по физике, математике, астрономии, информатике и биологии Электронная библиотека статей 300 популярных журналов и газет на английском языке (1998-2003 гг.)  Казахстанская открытая библиотека Казахстанская Национальная электронная библиотека       

Сіздердің назарларыңызға  IPR SMART электрондық кітапханалық жүйе өз қызметттерін ұсынады: электрондық білім беру ресурстарын оқу процесінде пайдалану үшін 2023 жылдың 10 мамыр сағат 11.00-де өтетін вебинарға мына сілтеме бойынша алдын –ала тіркелулеріңізді сұранамыз.

Вебинар соңында тіркелушілерге сертификат беріледі.

Қосымша ақпарат

Жеңіс күні – Қазақстан халқы үшін айтулы мереке. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің сол жылдардағы ерен еңбегі – бүгінгі жастардың мәңгілік есінде. Осыған орай, АББО-ның №5 –ші Оқу залында «Ел мен ердің жемісі»атты дөңгелек үстел өтті. Іс шарада,«Мәдениет және өнер» факультетінің 1 –ші курс студенттері ән айтып,би билеп, сахналық қойылымдар көрсетті. Кеш соңында белсенді студенттер мараппатталды.

 

"Жоғары  оқу орындарының кітапханасын дамытудағы заманауи әлемдік трендтер" XI халықаралық конференция Л.Н. Гумилев атындағы  Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасында жыл сайынғы "Жоғары оқу орындарының кітапханасын дамытудағы заманауи әлемдік трендтер. Университеттің әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялануындағы академиялық кітапханалардың рөлі" атты XI халықаралық конференциясы 27-28 сәуір күндері өтті. Конференцияның ашылу салтанатында  ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің комитет төрайымы Копенова Гульзат Ізбасарқызы бүгінгі кітапханаларға  қойылып отырған талаптыңда жоғары екеніне баса назар аударды.Университеттің жеткен жетістіктерінде кітапхананың рөлі зор екенін атап өтті. 
ҚР ғылым жане жоғары білім министрлігінің және Қазақстан Республикасының жоғары  оқу орындары, кітапханалары қауымдастығының қолдауымен өткен бұл  конференцияда қазіргі заманғы университеттік кітапханалар кызметінің өзекті бағыттары бойынша білім және практикалык, тәжірибе алмасып, академиялық кітапханаларды одан әрі дамыту үшін ұсыныстар әзірленді. Сессиялар, мастер-класстар барысында білім беруді, ғылымды кітапханалық-ақпараттық қамтамасыз ету динамикасына, кітапханаларды цифрландырудың басымдықтарына, ресурстар мен сервистерді цифрлық кеңістікке ендіруге қатысты мәселелер қаралды. • Конференция аясында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының кітапхана басшыларына кітапхана ісіне қатысты нормативтік- құқықтық құжаттар мен халықаралық стандарттар бойынша
семинар өтті.
Іс-шараға  Қазақстанның 57 жоғары оқу орнынан 110-нан астам еліміздің жоғары оқу орындары кітапханаларының басшылары мен Ресей, Туркия, АҚШ, Сингапур, Швейцария, т.б. шетелдік университет кітапханаларынан әріптестер катысты.
   Конференцияға оқу орнымыздың Ақпараттық білім беру орталығының директоры Саурбаева И. К. және кітапхананы дамыту бөлімінің бөлім меңгерушісі Утегулова  Л. Ж қатысып  тәжірибе алмасып, біліктілік деңгейілерін көтеріп, сертификат алды .

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика